qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТӨЛЕБИДЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында қоғамдық құқықтық қабылдау өтті.

24 июня, 2026
in Uncategorized
0
ТӨЛЕБИДЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен өткен шара тұрғындарға құқықтық көмек көрсетуге және қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға бағытталды.
Қоғамдық қабылдауға Түркістан облысы Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов қатысып, аудан тұрғындарымен ашық пікір алмасты. Сонымен қатар сот орындаушылары, адвокаттар мен нотариустар азаматтарды жеке қабылдап, құқықтық мәселелер бойынша кәсіби кеңестер берді.
Қабылдаудың негізгі мақсаты – халық арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң талаптарын түсіндіру, азаматтардың құқықтық білімін арттыру және құқықтық мәселелерді заң аясында шешуге ықпал ету болды. Бұл бағыттағы жұмыстар қоғамда заңға құрмет пен жауапкершілік мәдениетін орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін тереңірек түсінуіне мүмкіндік береді.
Қабылдау барысында тұрғындардың жеке өтініштері мұқият қаралып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әсіресе, жер қатынастары, әлеуметтік қамтамасыз ету, тұрғын үй, алимент өндіру және атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша сұрақтар көтерілді. Құқық қорғау және сот саласының мамандары әрбір азаматқа нақты құқықтық бағыт-бағдар ұсынып, заң аясында шешім қабылдау жолдарын түсіндірді.
Сонымен қатар іс-шара аясында құқықтық қызмет көрсету саласындағы заманауи цифрлық мүмкіндіктер таныстырылды. Қатысушыларға жасанды интеллект негізінде әзірленген құқықтық кеңесші жүйесінің іске қосылғаны жөнінде ақпарат беріліп, оның қызметі туралы арнайы жадынамалар таратылды. Жаңа цифрлық құрал азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттырып, қажетті кеңестерді жедел әрі тиімді алуға мүмкіндік береді.
Мамандардың пікірінше, мұндай қоғамдық қабылдаулар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырумен қатар, қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын орнықтыруға, азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға елеулі үлес қосады.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты шарты – заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және әр азаматтың жауапкершілігін күшейту екені атап өтілді.

Previous Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

Next Post

ТӨЛЕБИДЕ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com