qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидаты бүгінде еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты нығайтудың, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағытына айналды.

24 июня, 2026
in Uncategorized
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР КҮШЕЙІП КЕЛЕДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы мақсатта Төлеби ауданында құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның бір айғағы ретінде аудандық Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында ауқымды кездесу ұйымдастырылды.
Аудандық сот төрағасының бастамасымен өткен маңызды жиынға аудан басшылығы, құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар және қоғам белсенділері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды күшейту болды.
Іс-шара барысында аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, аудандық сот төрағасы Ғани Байарыстан және аудан прокуроры Дабыл Аянұлы сөз сөйлеп, заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Олар құқықтық мемлекет құру жолындағы басты міндеттердің бірі – азаматтардың заң талаптарын бұлжытпай орындауы екенін атап өтті.
Спикерлердің айтуынша, қоғамдағы тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сақталуы әрбір азаматтың құқықтық жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып қала береді.
Кездесу барысында құқықтық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастар арасында заңға құрмет мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе жастар тәрбиесіне ерекше назар аударылып, олардың бойында заңға бағыну, жауапкершілік пен азаматтық ұстаным құндылықтарын қалыптастырудың маңызы айтылды.
Жиынның мазмұнын байыта түскен маңызды бөлімдердің бірі – аудандық Мәдениет үйі қызметкерлерінің қатысуымен сахналанған «Мен қателестім» атты қойылым болды. Қойылымда құқық бұзушылықтың салдары, оның адам тағдырына, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсері көркем түрде бейнеленді. Көрермендер тарапынан жоғары бағаланған қойылым құқықтық тәрбиенің маңызын әсерлі жеткізіп, қатысушыларға үлкен ой салды.
Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған арнайы бейнероликтер көрсетіліп, қатысушыларға құқықтық жауапкершілік, қоғамдық тәртіп және заң талаптарын сақтау жөнінде жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Жиын барысында Төлеби ауданында қолға алынған жаңа бастамалардың бірі – «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы таныстырылды. Аудан прокуроры Дабыл Аянұлының үйлестіруімен іске қосылған жоба құқық бұзушылықтардың тиімді профилактикасын ұйымдастыруға, қылмысқа әсер ететін себептер мен тәуекел факторларын анықтауға және олардың түпкі себептерін жоюға бағытталған.
Жобаның ерекшелігі – формалды есептілікке емес, нақты нәтижеге жұмыс істеуге негізделгенінде. Бұл бастама құқық бұзушылықтың орын алу себептерін терең зерттеп, проблемаларды туындататын факторларды жою арқылы ауданның криминогендік ахуалын жақсартуды көздейді. Осы бағытта арнайы өкім қабылданып, мемлекеттік мекемелер мен құзырлы органдарға нақты міндеттер жүктелген.
Мамандардың пікірінше, «Айқын нәтиже» жобасы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жаңа деңгейге көтеріп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жоба мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейтіп, профилактикалық шаралардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Кездесу соңында қатысушылар қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара ынтымақтастығы ерекше маңызға ие екенін атап өтті. Заңға бағынатын, құқықтық мәдениеті жоғары әрі жауапкершілігі мол қоғам қалыптастыру – баршаға ортақ міндет екені айтылды.
Бүгінде Төлеби ауданында жүзеге асырылып жатқан мұндай бастамалар «Заң мен тәртіп» қағидатының өміршеңдігін көрсетеді.

Previous Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ҚАШАР» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Next Post

ТӨЛЕБИДЕ «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com