qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында жер қойнауын тиімді әрі заңды пайдалану мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өңірде кең таралған пайдалы қазбаларды өндірумен айналысатын 221 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олар 75 келісімшарт пен 146 лицензия негізінде жұмыс жүргізіп отыр. Бұл сала облыс экономикасына елеулі үлес қосуда: өткен жылы ғана жер қойнауын пайдаланушылардан облыстық бюджетке 9,1 млрд теңге қаржы түскен. Дегенмен, заңсыз пайдалану фактілері де кездесіп отырғандықтан, бақылау мен қадағалау шаралары күшейтілуде.

Осы бағыттағы жұмыстар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде кеңінен қаралды. Жиында лицензиялары тоқтатылған немесе игерілмей жатқан жер қойнауы учаскелеріне жүргізілген инвентаризация нәтижелері талқыланып, оларды мемлекет меншігіне қайтару бойынша арнайы комиссияның жұмысы сараланды. Облыс басшысы жауапты органдарға табиғи ресурстарды заңсыз пайдаланушыларға қарсы күресті күшейтуді және экологиялық қауіптердің алдын алуды тапсырды.

Әсіресе мобильді топтардың жұмысын жандандыру қажеттігі атап өтілді. Өзен-көлдер мен карьерлер тұрақты бақылауға алынып, барлық жұмыстар заң талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс екені ескертілді. Бұл шаралар табиғи ресурстарды сақтау мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

Салаға жауапты басқарманың мәліметінше, 2025 жылы 35 жер қойнауын пайдаланушының 123 мың гектар жері мемлекетке қайтарылған. Ал 2026 жылдың басынан бері тағы 3 пайдаланушының 501 мың гектар жері мемлекет меншігіне өткен. Жалпы өңірдегі 221 жер қойнауын пайдаланушының жер телімдеріне жүргізілген талдау нәтижесінде 98 телімнің рәсімделгені, ал 123 жер телімінің құжаттары толық емес екені анықталған. Осы олқылықтарды жою мақсатында арнайы іс-шаралар жоспары бекітілген.

Бақылау шараларының күшеюі нәтижесінде заңсыз әрекеттер де анықталып жатыр. Қазіргі таңда құжатсыз жұмыс жүргізген 95 пайдаланушыға қатысты акт толтырылып, тиісті органдарға жолданған. Сонымен қатар 13 хабарлама беріліп, 6 тексеру жүргізілген. Бір тұлғаға 1,2 млн теңге айыппұл салынған. Өткен жылы 226 рейд ұйымдастырылып, 342 жүк көлігі мен 47 арнайы техника айыптұраққа қойылған. 74 әкімшілік іс бойынша 16,8 млн теңге көлемінде залал есептелген.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Жыл басынан бері 40 рейд өткізіліп, 60 техника тоқтатылған. Нәтижесінде 5,1 млн теңге көлемінде залал анықталды. Сонымен қатар заңсыз қазба жұмыстары жүргізілген 22 «қызыл нүкте» белгіленіп, олардың 15-і жеке меншік, 7-і жайылым жер екені анықталған. Аталған учаскелерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары басталып, заңсыз әрекеттерден келген 558,4 млн теңге залал есептеліп, материалдар құқық қорғау органдарына жолданды.

Полиция департаменті де бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері 51 құқық бұзушылық дерегі анықталып, олардың негізінде 40 іс бойынша 5,1 млн теңге экономикалық залал есептеліп, уәкілетті органдарға жіберілген. Сонымен қатар 29 іс бойынша 1,9 млн теңге айыппұл салынған. Рейд барысында 64 жүк көлігі мен 6 арнайы техника айыптұраққа қойылған.

Жалпы алғанда, Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдалануға қарсы күрес кешенді түрде жүргізіліп жатыр. Бақылау шараларының күшеюі, заң талаптарының қатаң сақталуы және жауапты органдардың үйлесімді жұмысы – табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен өңірдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі кепілі болып отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 132 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН 98 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Next Post

ТҮРКІСТАНДА ЖӘРДЕМАҚЫҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com