qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ЖӘРДЕМАҚЫҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ

Түркістан облысында әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарды нақты қолдау және оларды тұрақты табыс көзіне бағыттау мәселесі өзекті бағыттардың біріне айналып отыр.

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ЖӘРДЕМАҚЫҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы мақсатта өңірде цифрлық отбасы картасы арқылы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы сараланып, «D» және «E» санаттарына жататын азаматтармен жүйелі жұмыс жүргізілуде. Бұл санаттарға табысы төмен, тұрақты жұмысы жоқ немесе шұғыл мемлекеттік көмекті қажет ететін азаматтар кіреді.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте аталған санаттағы азаматтардың санын азайту жолдары жан-жақты қаралды. Жиында басты назар олардың не себепті тұрақты жұмысқа орналаспағанына аударылды. Сараптамалар көрсеткендей, көптеген азаматтардың банк алдындағы қарыздары бар, ал есепшоттарының бұғатталуы тұрақты жұмысқа орналасуға кедергі келтіруде. Соның салдарынан олар күнделікті жалдамалы жұмысқа тәуелді болып отыр.

Осы мәселені шешу үшін өңірде жаңа тәсілдер қолға алынуда. Атап айтқанда, жауапты органдар банк өкілдерімен бірлесіп, азаматтардың несие төлем кестесін қайта қарастыру бойынша келіссөздер жүргізуде. Сонымен қатар еңбекке қабілетті тұрғындарға жеңілдетілген несие беру, кәсіпкерлікке бейімдеу және бизнес-жоспар әзірлеуге көмектесу бағыттары айқындалды. Бұл шаралар азаматтарды жәрдемақыға тәуелділіктен арылтып, өз кәсібін бастауына мүмкіндік беруді көздейді.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі ретінде қарастырылып отыр. Бағдарлама аясында кәсіпке бейімі бар азаматтар жеке әңгімелесу арқылы анықталып, олардың қабілетіне қарай нақты бағыттар ұсынылады. Әрбір жаңа кәсіп – жаңа жұмыс орны деген қағидатқа сүйене отырып, өңірде шағын бизнесті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар несие алған азаматтардың қаражатты мақсатты пайдалануына бақылау күшейтіліп, олардың табыс деңгейі тұрақты түрде мониторингтен өтеді.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Түркістан облысында 36 888 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жыл соңына дейін өңірдегі кедейлік деңгейін 2,7 пайызға төмендету жоспарланып отыр. Бұл – әлеуметтік саясаттың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты көрсеткіштердің бірі.

Сонымен қатар жәрдемақының әділ тағайындалуын қамтамасыз ету үшін арнайы жұмысшы топтар құрылып, аудан-қалаларда зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда төрт бағыт бойынша құрылған топтар мұқтаждық деңгейін нақты анықтап, әлеуметтік көмектің шынайы алушыларға жетуін бақылауда. Бұл өз кезегінде әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын қорытындысында облыс әкімінің орынбасары жауапты органдарға жұмысты ашық, әділ және нәтижелі жүргізуді тапсырды. Әрбір азаматтың әлеуметтік жағдайын нақты бағалап, тиімді қолдау көрсету – негізгі міндет ретінде белгіленді. Жалпы алғанда, Түркістан облысында жәрдемақыға тәуелділікті азайту бағытындағы жұмыстар кешенді түрде жүргізіліп, халықты тұрақты табыс көзіне бағыттау басты басымдыққа айналып отыр.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Next Post

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ТӘЖІРИБЕСІ ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ ЕНГІЗІЛМЕК

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com