qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ТӘЖІРИБЕСІ ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ ЕНГІЗІЛМЕК

Түркістан облысында іске асырылып жатқан шағын өндірістік парктерді құру тәжірибесі республика деңгейінде үлгі ретінде қарастырылып отыр.

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ӨНДІРІСТІК ПАРКТЕР ТӘЖІРИБЕСІ ЕЛ КӨЛЕМІНДЕ ЕНГІЗІЛМЕК
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың тапсырмасына сәйкес, бұл тәжірибені еліміздің басқа өңірлерінде енгізу жоспарланған. Осы мақсатта Қаржы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің өкілдері мен еліміздің барлық облыстарынан келген 40-қа жуық делегация Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, өңірдегі өндірістік алаңдардың жұмысымен танысты.

Іссапар барысында делегация Сауран ауданындағы «SAURAN» өндірістік паркінде болып, нақты өндірістік жобалардың жүзеге асу барысын көрді. Атап айтқанда, жаңбырлатып суғару технологияларын шығаратын «BNK Group», жиһаз өндіретін «Aqniet Holding», өндірістік тоңазытқыш шығаратын «UBC Групп» сияқты кәсіпорындардың жұмысы таныстырылды. Сонымен қатар делегация өкілдері Сауран ауданындағы «Иассы», «Ескі Иқан», «Дәморда» және «Қарашық» шағын өндірістік парктерінің құрылысымен танысып, олардың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін бағалады.

Мамандардың пікірінше, шағын өндірістік парктер – шағын және орта бизнесті дамытуға арналған тиімді алаңдардың бірі. Бұл формат кәсіпкерлерге дайын инфрақұрылымы бар өндірістік орын ұсынып, жобаларды қысқа мерзімде іске қосуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнес ашу процесі жеңілдеп, инвестиция тарту қарқыны артады. Делегация мүшелері Түркістан облысында қолға алынған бұл бастаманы жоғары бағалап, оның өңірлік экономиканы дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.

Бүгінде Түркістан облысының барлық аудан және қалаларында шағын өндірістік парктер қарқынды түрде дамып келеді. Жалпы 214 гектар аумақта 25 өндірістік алаң құрылған. Бұл алаңдарда 258 өндірістік ғимараттың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі таңда осы ғимараттарда жүзеге асырылатын 251 инвестициялық жоба бойынша келісімдер жасалған. Жобалардың жалпы инвестициялық құны 192 млрд теңгені құрайды.

Аталған жобалар толық іске асқан жағдайда 5 218 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар бұл өндірістер жылына шамамен 96 млрд теңгенің импортты алмастыратын өнімдерін шығарады. Бұл көрсеткіш өңірдің өндірістік тәуелсіздігін арттырып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Түркістан облысындағы шағын өндірістік парктер моделі – тиімді ұйымдастырылған индустриялық саясаттың нақты нәтижесі. Бұл тәжірибені еліміздің басқа өңірлеріне енгізу арқылы республика көлемінде өндірістік әлеуетті арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашылады.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА ЖӘРДЕМАҚЫҒА ТӘУЕЛДІЛІКТІ АЗАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАР ҚАРАЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАНДА КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com