qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 132 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН 98 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Түркістан облысында индустриялық аймақтарды дамыту арқылы өңір экономикасын әртараптандыру және өндірістік әлеуетті арттыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 132 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН 98 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі таңда облыс аумағында жалпы көлемі 1 961,3 гектарды құрайтын 21 индустриялық аймақ құрылған. Осы алаңдарда жалпы құны 132,3 млрд теңге болатын 98 инвестициялық жоба іске асырылуда. Бұл жобалар өңірдің өндірістік қуатын күшейтіп қана қоймай, халықты тұрақты жұмыспен қамтуға да мүмкіндік беруде.

Жалпы жобалардың ішінде 59,8 млрд теңгені құрайтын 55 инвестициялық жоба толық іске қосылған. Соның нәтижесінде 3 454 жаңа жұмыс орны ашылып, өңір тұрғындары тұрақты табыс көздерімен қамтамасыз етілді. Ал қалған 43 жоба қазіргі таңда іске асырылу сатысында. Олардың жалпы құны 72,6 млрд теңгені құрайды. Бұл жобалар толық жүзеге асқан жағдайда қосымша 2 547 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Осылайша, индустриялық аймақтар өңірдегі еңбек нарығына елеулі серпін беріп отыр.

Аталған мәселе Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде кеңінен қаралды. Жиын барысында индустриялық аймақтардың жай-күйі сараланып, өзекті мәселелер талқыланды. Облыс басшысы кейбір аудан және қала әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларды орындаудағы кемшіліктерін сынға алып, жұмысты жандандыруды талап етті. Әсіресе, инвестиция тарту, жаңа жобаларды орналастыру және инфрақұрылым мәселелерін шешу бағытында нақты міндеттер жүктелді.

Облыс әкімі инвестициялық саясаттың негізгі мақсаты – экономиканы әртараптандыру, өндірісті дамыту және халықты жұмыспен қамту екенін атап өтті. Осыған байланысты барлық жауапты органдарға жұмысты жүйелі әрі нәтижелі жүргізу тапсырылды. Жер мәселесін жедел шешу, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және инвесторларға қолайлы жағдай жасау – басты басымдық ретінде белгіленді.

Индустриялық аймақтарда жүзеге асырылып жатқан жобалар әртүрлі өндірістік салаларды қамтиды. Олардың қатарында жеңіл өнеркәсіп, азық-түлік өндірісі, құрылыс материалдарын шығару, пластмасса бұйымдарын өндіру, машина жасау, металлургия, дайын металл өнімдерін жасау және жиһаз өндірісі бар. Бұл салалар өңір экономикасының тұрақты дамуына негіз болып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жиын барысында Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұрлыбек Исаевтың баяндамасы тыңдалды. Оның мәліметінше, өткен жылы индустриялық аймақтардағы кәсіпорындар жалпы 26,2 млрд теңгенің өнімін өндірген. Сонымен қатар бюджетке 1,7 млрд теңге көлемінде салық түсіп, өңір қазынасына айтарлықтай үлес қосылған. Индустриялық аймақтардың инфрақұрылымын дамытуға 12,4 млрд теңге жұмсалып, бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда.

Айта кетерлігі, бюджеттен бөлінген әрбір 1 теңгеге 10,7 теңге көлемінде жеке инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш өңірдегі инвестициялық саясаттың тиімділігін айқын көрсетеді. Мемлекеттік қолдау мен жеке сектор арасындағы тиімді әріптестік нәтижесінде индустриялық аймақтар нақты экономикалық драйверге айналып отыр.

Сонымен қатар облыс әкімінің тапсырмасымен «Түркістан-2» өңірлік маңызы бар жаңа индустриялық аймақ құрылды. Қазіргі таңда оның аумағындағы 150 гектар жер телімін құқықтық рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жаңа алаң алдағы уақытта ірі инвестициялық жобаларды орналастыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Түркістан облысындағы индустриялық аймақтардың дамуы өңір экономикасының тұрақты өсіміне негіз болып отыр. Жаңа өндірістердің ашылуы, инвестиция көлемінің артуы және жұмыс орындарының көбеюі – жүргізіліп жатқан саясаттың нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып, өңірдің өндірістік әлеуеті одан әрі күшейе түспек.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАРСЫ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com