qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КЕНТАУДА «ВАКЦИНАЛАР ӘР ҰРПАҚ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ НАСИХАТТАЛДЫ

«Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» ақпараттық науқаны аясында Кентау қалалық емханасына қарасты Хантағы ауылдық амбулаториясында вакцинацияның маңызын дәріптеуге бағытталған ақпараттық жұмыс жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындардың иммунопрофилактика туралы білімін арттыруға, жұқпалы аурулардың алдын алу жолдарын түсіндіруге және жоспарлы екпелердің маңыздылығына назар аударылды.

23 июня, 2026
in Uncategorized
0
КЕНТАУДА «ВАКЦИНАЛАР ӘР ҰРПАҚ ҮШІН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ» НАУҚАНЫ АЯСЫНДА ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ НАСИХАТТАЛДЫ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Хантағы ауылдық амбулаториясының аға дәрігері Балзия Қондыбаева вакцинацияның адам денсаулығын қорғаудағы рөліне тоқталып, екпе көптеген қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алудың ең тиімді әрі ғылыми дәлелденген тәсілі екенін атап өтті. Оның айтуынша, профилактикалық вакцинация балалардың иммундық қорғанысын қалыптастырып, аурудың ауыр түрлері мен өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Маман пневмонияның балалар арасында жиі кездесетін қауіпті инфекциялық аурулардың бірі екеніне назар аударды. Әсіресе оның ауыр түрлері Haemophilus influenzae type b (Hib) және пневмококк инфекциясы салдарынан дамуы мүмкін. Бұл инфекциялар пневмониямен қатар менингит, сепсис сияқты күрделі асқынуларға алып келіп, баланың өміріне қауіп төндіреді.
Осыған байланысты Hib және пневмококк инфекцияларына қарсы вакциналардың маңызы ерекше. Бұл екпелер балаларды ауыр инфекциялардан қорғап, аурудың асқыну қаупін төмендетеді және олардың дені сау болып өсуіне ықпал етеді.
Ақпараттық жұмыс барысында Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес тегін жүргізілетіні айтылды. Сонымен қатар елімізде қолданылатын вакциналардың барлығы халықаралық талаптарға сай тексеріліп, олардың қауіпсіздігі мен тиімділігі ғылыми зерттеулермен дәлелденгені атап өтілді.
Ата-аналарға балаларының екпе мәртебесін тұрақты бақылап, жоспарлы вакцинацияны белгіленген мерзімде алудың маңыздылығы түсіндірілді. Өйткені екпені кейінге қалдыру немесе жоспарлы вакцинациядан бас тарту балалардың жұқпалы ауруларға шалдығу қаупін арттырып, ауыр асқынулардың туындауына себеп болуы мүмкін.
Медицина мамандары вакцинация тек әрбір баланың денсаулығын қорғап қана қоймай, қоғамда ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына да ықпал ететінін атап өтті. Ұжымдық иммунитеттің нығаюы жұқпалы аурулардың таралуын шектеп, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Кентау қалалық емханасы тұрғындар арасында иммунопрофилактиканың маңызын кеңінен насихаттау, халықтың медициналық сауаттылығын арттыру және вакцинацияға деген сенімді нығайту бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастыра береді.

Previous Post

КЕНТАУДА ЕУРОПАЛЫҚ ИММУНДАУ АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

Next Post

КЕНТАУДА ҚЫЗЫЛШАНЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ ВАКЦИНАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com