Мемориал 1945 жылдың наурызында Остад ауылындағы нацистік лагерьден қашу әрекесінде қаза тапқан үш жауынгерді еске алуға арналған. Солардың бірі – Қостанай облысының тумасы Иван Поворознюк. Ол 1921 жылы Қостанай облысы, Введенский ауданы, Алешинка ауылында дүниеге келген және 1941 жылдың сәуірінде әскерге шақырылған. 1942 жылдың наурызынан бастап оның тағдыры белгісіз болып, тек бірнеше онжылдықтардан кейін норвегиялық зерттеушілер мен Қазақстанның Норвегиядағы Елшілігінің күш-жігерінің арқасында анықталды.
Мемориалды салу бастамасын жергілікті тұрғын Пер-Коре Холдал басқарған топ көтерді, ал Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі белсенді қатысып, құрмет көрсету рәсімінің жүзеге асуына ықпал етті. Ашылу салтанатына жергілікті билік өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Норвегиядағы елшісі Әділ Тұрсынов және қаза тапқан жауынгердің туысы Лариса Кушнарёва қатысты.
Бұл мемориал екі ел арасындағы тарихи естелікті сақтау мен достық қарым-қатынастың символы болып табылады. Қазақстандық жауынгерлердің ерлігін еске алу және олардың құрметіне арналған шаралар Қазақстан мен Норвегия халықтарының арасындағы өзара сыйластық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған.


