qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТАРАЗДА БАУЫРЖАН МОМИШҰЛЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ АШЫЛДЫ

Тараз қаласында Кеңес Одағының Батыры, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы және жазушы Бауыржан Момышұлына арналған музей ресми түрде ашылды. Жамбыл облысының әкімдігі хабарлағандай, музей экспозициясы батырдың өмірі мен шығармашылығына арналған бірегей жәдігерлерді қамтиды.

9 мая, 2025
in Uncategorized
0
ТАРАЗДА БАУЫРЖАН МОМИШҰЛЫНА АРНАЛҒАН МУЗЕЙ АШЫЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Көрмеде Бауыржан Момышұлының балалық шағы, әскери қызметі, отбасы жайлы тың деректер, сондай-ақ жеке заттары мен құжаттары қойылған. Экспозицияға полковник шеніндегі шинелі, батырдың өзі сызған әскери картасы, сондай-ақ “Ұшқан ұя” мен “Артымызда Мәскеу” шығармаларын жазған қаламы мен сиясауыты енгізілген.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайында батырдың өзі тарту еткен жеке маузері, Кеңес Одағының Батыры атағы үшін берілген Алтын Жұлдызы мен Ленин орденінің көшірмелері, айдаһар бейнеленген қылышы, сирек кітаптары мен фотосуреттері сақталған. Сонымен қатар бейбіт күндердегі киген киімдері мен ыдыс-аяқтары – күміс қасықтар, ағаш тостағандар, қымыз шөміші, шай ішетін ыдыстар және домбырасы көрмеге ерекше мән береді.

Экспозицияда батырдың өрнектелген альбомдары, Құрмет грамотасы, Кеңес Одағының Батыры атағын беру туралы Жарлық және басқа да марапаттау құжаттары да ұсынылған. Көрменің бірегей жәдігерлерінің бірі – Бауыржан Момышұлы Қызыл Армия қатарына алғаш шақырылған 1932 жылы және запасқа шыққан 1956 жылы өзімен бірге болған чемодан, сондай-ақ соғыс кезіндегі батальон, полк, дивизия құжаттарын сақтаған темір сейф.

Сондай-ақ музейде батырдың киімі – шинель, етік, папаха, маузер қаруы, шығармашылыққа бет бұрған кезеңіндегі 70-тен астам қолөнер туындылары – оюланған фигуралар көрермен назарына ұсынылған. Осылайша, музей Бауыржан Момышұлының әскери және шығармашылық мұрасын таныстырып қана қоймай, келушілерге оның өмір жолын толыққанды сезінуге мүмкіндік береді.

Previous Post

ТАЛҒАРДА ӘКІМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ АРҚЫЛЫ ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІН ШЕШІП ЖҮР

Next Post

НОРВЕГИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com