qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АЛМАТЫ ЖӘНЕ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТАРЫНДА ФЕРМЕРЛІК ДАЛАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР АШЫЛАДЫ

Алматы және Ақтөбе облыстарында фермерлерге арналған далалық мектептердің ашылатыны хабарланды. Бұл бастама “Қазақстанда климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жайылымдарды қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация” жобасы аясында жүзеге асырылады және БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының қолдауымен жүргізіледі.

24 июня, 2025
in Uncategorized
0
АЛМАТЫ ЖӘНЕ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТАРЫНДА ФЕРМЕРЛІК ДАЛАЛЫҚ МЕКТЕПТЕР АШЫЛАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Далалық мектептердің негізгі мақсаты – фермерлерді агроорманмелиорацияның заманауи әдістерімен таныстыру арқылы жер ресурстарын тұрақты пайдалану және жайылымдық алқаптарды қалпына келтіру дағдыларын дамыту. Алматы облысында мектеп қазақ мал шаруашылығы және мал азығы өндірісі ғылыми-зерттеу институтының базасында көшпелі жайылым мектебі ретінде ашылады.

Шара барысында қатысушылар заманауи агротехнологияларды меңгеріп, топырақ құнарлылығын қалпына келтіру, мал шаруашылығының тиімділігін арттыру жолдарын үйренеді. Оқыту бағдарламасын аяқтаған соң қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталады.

Министрліктің хабарлауынша, жобаның іске асуы Қазақстанның климаттық өзгерістерге бейімделуіне, ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға және жайылымдардың тозуын азайтуға септігін тигізеді. Фермерлік далалық мектептер ауылшаруашылығы өндірушілеріне тұрақты жер пайдалану тәжірибесін ұсыну арқылы өңірдегі мал шаруашылығы мен жер ресурстарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Previous Post

НОРВЕГИЯДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРГЕ АРНАЛҒАН МЕМОРИАЛ АШЫЛДЫ

Next Post

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫНА 6 ЕЛ ҮСТІНЕН ҰШУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com