qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында Төлеби ауданында «Құқықтық дәріхана» атты кең ауқымды құқықтық кеңес беру акциясы ұйымдастырылды.

15 июля, 2026
in Uncategorized
0
ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Аталған шараның басты мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсету, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру, азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық мәселелер бойынша нақты бағыт-бағдар беру.
Акция барысында тұрғындарды прокуратура, полиция, әділет, мемлекеттік кірістер басқармасы, жер қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларының, сондай-ақ өзге де мемлекеттік мекемелердің өкілдері қабылдады.
Қабылдау кезінде азаматтар өздерін толғандырған мәселелерін жауапты мамандарға тікелей жеткізіп, заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер мен қажетті кеңестер алды. Әсіресе жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, кәсіпкерлік, салық салу, еңбек құқықтары, тұрғын үй мәселелері, отбасы құқығы және басқа да өзекті бағыттар бойынша сұрақтар қойылды.
Іс-шараға Төлеби ауданы әкімінің аппаратының басшысы – Әдеп жөніндегі уәкіл Амалбек Өміртай, аудан прокуратурасының прокуроры Алмас Әбдіраман, аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі бастығының орынбасары, полиция майоры Ерболат Бейсембаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен сала мамандары қатысты.
Ашық форматта өткен құқықтық қабылдау барысында тұрғындар мемлекеттік органдар өкілдерімен еркін пікір алмасып, өз мәселелерінің шешу жолдары бойынша кәсіби кеңес алды. Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға және қоғамда заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
«Құқықтық дәріхана» акциясы Төлеби ауданының бірнеше елді мекенінде ұйымдастырылып, тұрғындарға құқықтық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталды. Бұл бастама азаматтардың өз құқықтарын білуіне, заңды мүдделерін қорғауына және қоғамдағы «Заң мен тәртіп» қағидатының берік орнығуына ықпал етуде.

Previous Post

ТӨЛЕБИЛІК ЖАС ӨНЕРТАПҚЫШТАР ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТТАРҒА ЖОЛДАМА АЛДЫ

Next Post

«АДАЛ АТА –АНА ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА САЙРАМДА АУДАНДЫҚ АТА-АНАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com