Бұл жүйе пациенттердің уақытын үнемдеуге, кезекті реттеуге және қажетті маманның қабылдауына ыңғайлы түрде жазылуға мүмкіндік береді.
Дәрігер қабылдауына алдын ала жазылу арқылы тұрғындар өздеріне қолайлы уақытты таңдап, медициналық көмекті жоспарлы түрде ала алады. Емхана мамандары пациенттерге қабылдауға дайындалып келуге, қажетті құжаттарын алдын ала әзірлеуге мүмкіндік беретін бұл қызметтің маңыздылығын атап өтеді.
Дәрігер қабылдауына бірнеше тәсіл арқылы жазылуға болады:
✅Емхананың тіркеу бөліміне келу арқылы;
✅Емхананың байланыс телефондары арқылы;
✅ Damumed мобильді қосымшасы арқылы онлайн түрде.
Тұрғындарға медициналық қызмет алу кезінде бірқатар талаптарды ескеру қажет. Бейінді мамандардың қабылдауына бару үшін алдымен учаскелік жалпы тәжірибелік дәрігердің жолдамасы қажет. Бұл пациенттің денсаулық жағдайын алдын ала бағалап, қажетті маманға дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар қабылдауға келген кезде жеке куәлікті өзіңізбен бірге алып келу ұсынылады. Пациенттерге белгіленген уақыттан 10–15 минут бұрын келу қажет. Бұл тіркеу жұмыстарын уақытылы жүргізуге және дәрігер қабылдауының ұйымдасқан түрде өтуіне жағдай жасайды.
Егер қандай да бір себеппен белгіленген уақытта дәрігер қабылдауына келе алмайтын жағдай туындаса, жазылуды алдын ала тоқтату сұралады. Бұл басқа пациенттердің де медициналық көмек алу мүмкіндігін арттырып, қабылдау уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Алдын ала жазылу – медициналық көмекті сапалы әрі уақытылы алудың маңызды тетіктерінің бірі. Ол пациент пен медицина қызметкері арасындағы байланысты жақсартып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға ықпал етеді.
Кентау қалалық емханасы тұрғындарға қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету бағытындағы жұмыстарды жалғастырып, пациенттерге ыңғайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлуде. Дәрігер қабылдауына алдын ала жазылу арқылы әр азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, қажетті медициналық көмекті дер кезінде ала алады.


