qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САЙРАМДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ КӨКПАРДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Түркістан облысы ұлттық спортты дамытуда алдыңғы қатарда келеді. Әсіресе көкпар десе «ішкен асын жерге қоятын» жастар көп.

15 июля, 2026
in Uncategorized
0
САЙРАМДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КОМАНДАЛЫҚ КӨКПАРДАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

. Спорттың байырғы түріне деген сұраныс қашан да жоғары болған. Атадан балаға мұра болып келе жатқан көкпарды мектеп жасындағы баладан егде жастағы ер кісілерге дейін ойнайды. Сайрам ауданы бұл жолы елдің есінде қаларлақтай көкпар ойындарын ұйымдастырды. Көкпар Көлкент ауылдық округіне қарасты Ақсуабад елді мекеніндегі атшабарда «Спорт – нашақорлық пен есірткіге қарсы» ұранымен 2009–2010 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында командалық көкпардан ауданның ашық біріншілігі өткізілді.
Дүбірлі додаға Сайрам ауданының әртүрлі ауылдық округтерінен келген жас шабандоздар қатысып, ұлттық спорттың көркін қыздырды. Ашық біріншілікке қатысқан командалар жеңіске деген жігерін танытып, ептілік пен төзімділіктің, батылдық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Әсіресе, жас көкпаршылардың ат үстіндегі шеберлігі мен ұлттық ойынның қыр-сырын меңгеруі көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Жарыстың негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, нашақорлық пен есірткі секілді қоғам дертіне қарсы күресті күшейту, ұлттық спорт түрі – көкпарды дамыту, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және олардың шеберлігін шыңдау. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, жас буынның бойына еліне деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру де басты міндеттердің бірі.
Көкпар – қазақ халқының ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан төл спорты. Бұл ойын тек күш пен ептілікті ғана емес, батылдықты, шыдамдылықты, жауапкершілікті және командалық ауызбіршілікті талап етеді. Сондықтан мұндай жарыстардың жасөспірімдер арасында тұрақты өткізілуі олардың ұлттық рухын көтеріп, ата-баба мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді.
Жарыс барысында әр команда жоғары дайындықпен келгенін көрсетті. Жасөспірімдер тартысты ойын өткізіп көрермендерге әсерлі ойын сыйлады. Әр кезеңде шабандоздардың шапшаң қимылы, атқа деген икемі мен тактикалық шеберлігі айқын байқалды. Қатысушылар қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, ұлттық ойынның барлық ережелеріне сай өнер көрсетті.
Ойын қортындысы бойынша І орынды Ақбұлақ командасы, ІІ орынды Жібек жолы командасы иемденді. Ал, үшінші орынды ІІІ орын Ақсуабад командасына берілді.

Жеңімпаз және жүлдегер атанған командалар арнайы дипломдармен, кубоктармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар жарыс барысында ерекше көзге түскен жас шабандоздарға алғыс айтылып, олардың алдағы республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарда аудан намысын абыроймен қорғайтынына сенім білдірілді. Бұл олардың еңбегінің еленгені. Сонымен қатар жасөпірімдер үшін жігерлене түсетін мотивация.
Мұндай спорттық іс-шаралар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың дене дайындығын нығайтуға және зиянды әдеттерден аулақ болуына оң ықпал етеді. Ұлттық спортты дамыту арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптасып, халқымыздың мәдени мұрасы мен салт-дәстүріне деген құрметі арта түседі.
Сайрам ауданында ұлттық спорт түрлерін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жас дарындардың шеберлігін шыңдауға және бұқаралық спортты дамытуға арналған осындай ауқымды жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырыла бермек.

Previous Post

САЙРАМДЫҚ САДАҚШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫ БЫЛҒАРЫ ҚОЛҒАП ШЕБЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com