qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТҰРҒЫНДАРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елді мекендерді жан-жақты дамыту, инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту және тұрғындарға жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру – Президент айқындаған мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі.

1 июля, 2026
in Uncategorized
0
ШОЛАҚҚОРҒАН АУЫЛЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ТҰРҒЫНДАРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Әділетті Қазақстан» тұжырымдамасы аясында өңірлердің әлеуетін арттыруға, азаматтардың өмір сапасын жақсартуға және халықтың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына ерекше көңіл бөлінуде. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты негізінде өткізілетін тұрғындармен кездесулер осы міндеттердің жергілікті деңгейде тиімді жүзеге асуына мүмкіндік беріп келеді.

Осы мақсатта Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Шолаққорған ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық даму барысы мен алдағы жоспарларын кеңінен таныстырды. Жиын барысында округте жүзеге асырылып жатқан жобалардың нәтижелері сараланып, биыл қолға алынатын бастамалар туралы жан-жақты мәлімет берілді. Сонымен қатар тұрғындардың ұсыныстары тыңдалып, ауылдың өзекті мәселелері бойынша ашық пікір алмасу өтті.

Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, депутаттар, құқық қорғау органдарының өкілдері, бөлім және мекеме басшылары, ауыл ақсақалдары қатысты. Басқосу барысында округ әкімі Жеңісәлі Төлепбергенов атқарылған жұмыстарға тоқталып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін таныстырды. Өз кезегінде аудан басшысы аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың барысын баяндап, олардың барлығы тұрғындардың сұранысы мен қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.

Жиында сөз алған ауыл ақсақалдары елді мекенде жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң бағаларын беріп, көгалдандыру, абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағытында өз ұсыныстарын білдірді. Мұндай ашық пікір алмасу жергілікті басқару жүйесінің тиімділігін арттырып, тұрғындардың мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына мүмкіндік береді.

Биыл Шолаққорған ауылында бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылады. Атап айтқанда, «Астана» мөлтек ауданындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы аяқталып, тұрғындарды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету мүмкіндігі кеңейеді. Сонымен бірге экологиялық талаптарға сәйкес құрылыс қалдықтарын тастау орны мен қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы жүргізілуде. Бұл жобалар санитарлық жағдайды жақсартып, елді мекеннің тұрақты дамуына негіз қалайды.

Жол инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары да жалғасын табады. Биыл жалпы ұзындығы 10,5 шақырымнан асатын көшелер орташа жөндеуден өтеді. Жеткіншек, Шолаққорған және Абай елді мекендеріндегі бірнеше көше жаңартылып, олардың жол сапасы жақсарады. Сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету үшін бірқатар көшелерге жаңа аяқжолдар салынып, Т.Тоқбергенов көшесінде арық жүйелері орнатылып, бетон плиталар төселеді. Абай елді мекенінде ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, инженерлік инфрақұрылымның сенімділігі артады.

Өткен жылы да округте ауқымды жұмыстар жүзеге асырылды. Жалпы ұзындығы 130,8 шақырым болатын ішкі жолдардың 15,7 шақырымы жөнделіп, жаңа асфальт төселді. Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жол белгілері орнатылып, жасанды жол кедергілері қойылды. Сонымен бірге 54 көшеге жарық шамдары орнатылып, 37 шақырым электр желісі тартылды. Бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік берді.

Шолаққорғанда цифрлық және заманауи инфрақұрылымды дамытуға да ерекше назар аударылуда. Мектептер мен балабақшалардың маңына мультимедиялық аркалар орнатылып, көшелерге цифрлық бағдаршамдар қойылды. «Жастар» орталығының жанынан LED экран іске қосылып, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласындағы қоқыс алаңдары жаңартылды. Мұндай жаңашыл жобалар елді мекеннің заманауи келбетін қалыптастырып, тұрғындарға қолайлы орта жасауға бағытталған.

Ауылды абаттандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Абай, Тәуелсіздік, Жастар және Орталық саябақтары жаңартылып, балалар ойын және воркаут алаңдары салынды. Сонымен қатар С.Қожанов көшесінде жаңа аллея бой көтеріп, тұрғындардың серуендеуіне және демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптасты. Балаларға арналған ойын алаңдары жөнделіп, жаңалары салынды. Бұл жұмыстар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға ықпал етуде.

Previous Post

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – АУДАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Next Post

ТАУКЕНТ КЕНТІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com