qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

«23 маусым – ҚР Полиция күні» мерекесі қарсаңында Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері арасында теңбіл доптан, яғни шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды.

25 июня, 2026
in Uncategorized
0
ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Спорттық шараның негізгі мақсаты – ұжым ішіндегі ауызбіршілікті нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, қызметкерлердің дене дайындығын арттыру және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болды.
Турнирге барлығы 8 команда қатысып, жасыл алаңда өзара бақ сынады. Жарысқа «Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі», «Тергеу анықтау тобы», «Әкімшілік полиция бөлімшесі», «Жедел уәкілдер», «Ювеналды полиция тобы», «Кезекші бөлімше», «Патрульдік полиция тобы» және «Көші-қон қызмет тобы» командалары шықты. Әр команда ойынға тыңғылықты дайындалып, жеңіске деген жігерін көрсетті.
Ойын басталар алдында қатысушылар сапқа тұрып, жеребе тарту рәсімі өткізілді. Бұл сәт жарыстың әділ әрі ашық өтуіне негіз болды. Жасыл алаңға шыққан 60-тан астам қызметкер өздерінің тек қызметте ғана емес, спортта да осал емес екендіктерін дәлелдеп, жоғары деңгейдегі шеберлік пен ұйымшылдық танытты. Қатысушылар арасында барлық сақтық шаралары қатаң сақталып, ойын қауіпсіз әрі тәртіпті жағдайда өтті.
Жарыс барысында командалар бір-біріне дес бермей, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр матчта жылдамдық, ептілік, дәлдік және командалық үйлесім ерекше байқалды. Қызметкерлердің спортқа деген қызығушылығы мен белсенділігі олардың күнделікті қызметтегі жауапкершілігімен қатар, дене шынықтыруға да мән беретінін көрсетті. Мұндай жарыстар ұжым мүшелерінің бір-біріне деген сенімін арттырып, ортақ мақсат жолында жұмыла әрекет етуге ықпал етеді.
Турнирдің қорытындысы бойынша І орынды «Қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі» командасы иеленді. ІІ орынға «Әкімшілік полиция тобы» лайық деп танылса, ІІІ орынды «Тергеу анықтау тобы» командасы місе тұтты. Жеңімпаз командаларға ұйымдастырушылар тарапынан алғыс білдіріліп, үздік ойын көрсеткен қызметкерлер марапатталды.
Мұндай спорттық іс-шаралар полиция қызметкерлерінің кәсіби біліктілігімен қатар, олардың физикалық дайындығын арттыруға, ұжымдық рухты күшейтуге және мерекелік шараларды мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге теңбіл доп турнирі тәртіп сақшыларының қоғам алдындағы беделін арттырып, жас ұрпаққа салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын үлгі етеді.
Төлеби аудандық полиция бөлімінде ұйымдастырылған бұл жарыс мереке қарсаңындағы ерекше спорттық шаралардың бірі болып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Төлебилік полицейлер теңбіл доп алаңында да ұйымшылдық пен табандылық танытып, алдағы уақытта да осындай бастамалар арқылы бірлікті нығайтып, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолындағы қызметін абыроймен жалғастыра бермек.

Previous Post

ШУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ТАСТЫ АУЫЛЫНДА ДАМУ ЖОБАЛАРЫ ЖАЛҒАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com