qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ

Елді мекендердің тұрақты дамуы тұрғындардың пікірін ескеріп, нақты қажеттіліктерге негізделген жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру арқылы қамтамасыз етіледі.

25 июня, 2026
in Uncategorized
0
ШУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН ТАЛҚЫЛАНДЫ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент бастамашылық еткен «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы осы бағыттағы жұмыстарға жаңа серпін беріп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтты. Бүгінде тұрғындармен ашық кездесулер өткізу тек есеп беру алаңы ғана емес, ауылдардың болашақ даму бағытын айқындайтын маңызды тетікке айналып отыр. Бұл өз кезегінде «Әділетті Қазақстан» қағидаттарының жергілікті деңгейде тиімді жүзеге асуына мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмыстар аясында Шу ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылып, онда елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жүзеге асқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар кеңінен талқыланды. Басқосуға ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысып, округтің бүгінгі тыныс-тіршілігіне қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар аудан көлемінде іске асырылып жатқан ірі жобалар таныстырылып, олардың ауылдың дамуына тигізетін ықпалы жан-жақты түсіндірілді.

Кездесу барысында өткен кезеңде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері сараланды. Ауыл шаруашылығы, құрылыс және инфрақұрылым салаларындағы нәтижелерге тоқталып, биыл жүзеге асырылатын жобалардың негізгі бағыттары белгіленді. Мұндай кездесулер мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын халыққа ашық жеткізуге және тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып алдағы жоспарларды нақтылауға мүмкіндік береді.

Биыл Шу ауылдық округінде инфрақұрылымды дамытуға бағытталған бірнеше маңызды жоба жүзеге асырылмақ. Солардың бірі – қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысын аяқтау. Бұл жоба ауылдағы санитарлық жағдайды жақсартып, қоршаған ортаны қорғау талаптарын тиімді орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірқатар көшелерге орташа жөндеу жүргізіліп, олардың жол жабыны жаңартылады. Нәтижесінде округтің ішкі көшелері толықтай асфальтпен қамтылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысына қолайлы жағдай жасалады.

Жол инфрақұрылымын дамыту ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер ететін маңызды бағыттардың бірі саналады. А. Иманов, С.Мұханов, Айтеке би – Сәтбаев аралығы, Абай, Наурыз, Б.Серікбаев және Ғ.Мүсірепов көшелерінің жөнделуі көлік қатынасын жақсартып қана қоймай, тұрғындардың күнделікті тұрмысын жеңілдетуге ықпал етеді. Сапалы жол ауыл ішіндегі қозғалысты реттеп, білім беру, денсаулық сақтау және басқа да әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Өткен жылы жүзеге асқан жобалар да округтің даму қарқынының тұрақты екенін көрсетеді. Жабық шағын футбол алаңының пайдалануға берілуі жастардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасаса, ауылдық клубтың, спорт және балалар ойын алаңдарының жөнделуі әлеуметтік инфрақұрылымның сапасын арттырды. Сонымен қатар орталық саябақтың абаттандырылып, ауылдың кіреберісіне арканың орнатылуы елді мекеннің келбетін жаңартып, тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастырды.

Ауылдың инженерлік және қоғамдық инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстар да жүйелі түрде жалғасып келеді. Кіреберіс жолдың жарықтандырылуы, LED экранның орнатылуы, бірнеше көшеге асфальт төселуі және жаяу жүргіншілер жолының салынуы тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырды. Бұдан бөлек, ауыл көшелерінің толықтай түнгі жарықшамдармен қамтылуы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып, кешкі уақытта тұрғындардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік берді.

Кездесу барысында тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ауылдың дамуына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Жеке мәселелер бойынша қабылдауға келген азаматтар жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытындағы сұрақтарын қойып, өз өтініштерін білдірді. Көтерілген мәселелер назарға алынып, оларды шешу бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Мұндай ашық диалог мемлекеттік органдардың есептілігі мен жауапкершілігін арттырып, халық пен билік арасындағы өзара сенімді нығайта түседі.

Жалпы алғанда, Шу ауылдық округінде қолға алынған жобалар елді мекеннің инфрақұрылымын жаңғыртуға, әлеуметтік ортасын жақсартуға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған. Халықпен тұрақты кері байланыс орнату, көтерілген ұсыныстарды ескеру және әлеуметтік маңызы бар жобаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру Президент айқындаған мемлекеттік саясаттың жергілікті деңгейде нақты орындалып жатқанын көрсетеді.

Previous Post

КЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ: АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЕҢБЕК

Next Post

ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕҢБІЛ ДОП ДОДАСЫНДА БАҚ СЫНАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com