Алдын ала мәлімет бойынша, балалар арасында туындаған келіспеушілік кезінде 12 жастағы бала пышақ жарақатын алған.
Өкінішке қарай, алынған жарақат салдарынан бала қайтыс болды. Оқиғадан кейін полиция қызметкерлері күдікті ретінде 13 жастағы жасөспірімді қолға алды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Заңнамаға сәйкес, кәмелетке толмаған күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп қана қоймай, оның ата-анасының жауапкершілігі де қаралуы мүмкін. Мамандар мұндай жағдайлардың алдын алу үшін балалар арасындағы қарым-қатынасқа, олардың бос уақытын ұйымдастыруға және тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтады.
Қоғамда үлкен резонанс тудырған оқиғаға байланысты тергеу нәтижесі кейінірек жарияланады.


