qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Ерлан Тынымбайұлы Қариннің Вице-Президент лауазымына кандидатурасын қолдады.

31 августа, 2026
in Uncategorized
0
ЕРЛАН ҚАРИН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Құрылтай отырысында Президент Конституцияның 46-бабына сәйкес Вице-Президент және Премьер-министр лауазымдарына кандидатураларды депутаттардың қарауына ұсынды. Мемлекет басшысы Вице-Президенттің жаңа мемлекеттік басқару жүйесіндегі айрықша рөліне тоқталып, бұл қызмет билік тармақтары арасындағы өзара іс-қимыл мен теңгерімді қамтамасыз етуде маңызды орын алатынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды. Президент оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі көп жылғы тәжірибесін, кәсіби біліктілігін және елдің стратегиялық даму бағыттарын терең түсінетінін атап өтті.

«Ерлан Қарин – елге танымал азамат. Ол мемлекеттік басқару жүйесінде ұзақ жыл жұмыс істеді, көкжиегі кең, тәжірибесі мол, отаншыл азамат деп айтуға болады. Ауқымды реформаларды сапалы іске асыруға белсенді түрде атсалысты. Мемлекеттің стратегиялық бағдарын, даму жоспарын жақсы түсінеді», – деді Мемлекет басшысы.

Президент Ерлан Қариннің жаңа қызметке лайық екенін айтып, Құрылтай депутаттарынан оның кандидатурасын қолдауды сұрады.

Кандидатураны талқылау қорытындысында Құрылтай депутаттары Ерлан Қаринді Вице-Президент лауазымына қолдады.

Осыдан кейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұрын атқарған лауазымынан босатылды.

Ерлан Қариннің Вице-Президент қызметіне тағайындалуы Қазақстандағы жаңа мемлекеттік басқару жүйесінің қалыптасуындағы маңызды қадамдардың бірі болды. Конституцияға сәйкес, Вице-Президент Құрылтай депутаттарымен және Үкіметпен тығыз жұмыс істеп, Мемлекет басшысы айқындаған міндеттердің жүзеге асырылуына қатысады.

Жаңа лауазым билік тармақтары арасындағы өзара байланысты күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесіндегі үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Previous Post

ТОҚАЕВ ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ПАРТИЯ ФРАКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

АИДА БАЛАЕВА ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com