qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТРАМП ТҮНГІ ЕКІДЕ КОНГРЕССМЕНГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП ТОҚАЕВҚА СӘЛЕМ ЖОЛДАДЫ

АҚШ Президенті Дональд Трамп түнгі сағат екіде АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасындағы бюджет және салық комитетінің төрағасы Джейсон Смитке телефон арқылы хабарласып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа сәлем жолдаған.

26 августа, 2026
in Uncategorized
0
ТРАМП ТҮНГІ ЕКІДЕ КОНГРЕССМЕНГЕ ҚОҢЫРАУ ШАЛЫП ТОҚАЕВҚА СӘЛЕМ ЖОЛДАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы «Президент» жобасының жүргізушісі, журналист Әділ Балтабаев Мемлекет басшысы мен америкалық конгрессмендер арасындағы кездесуге қатысу барысында хабарлады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Өкілдер палатасының бюджет және салық комитетінің төрағасы Джейсон Смит бастаған Конгресс делегациясын қабылдаған болатын. Кездесуге Конгресс мүшелері Грег Мерфи, Кэрол Миллер, Ронни Джексон, Уэсли Белл және Эдвард Кейс қатысты.

Кездесу кезінде Джейсон Смит АҚШ Президентінің арнайы сәлемін жеткізді. Оның айтуынша, Дональд Трамп оған кездесуге бірнеше сағат қалғанда, түнгі сағат екіде қоңырау шалған.

«Бүгін түнгі сағат екіде маған президент Дональд Трамп қоңырау шалды. Мен оған бірнеше сағаттан кейін Сізбен кездесетінімді айттым. Ол Сізге ең жылы лебізін жеткізуді және араларыңыздағы сенімді әрі сындарлы қарым-қатынас үшін ризашылығын білдіруді өтінді», – деді Джейсон Смит.

Осылайша, АҚШ Президенті Қазақстан басшысына деген жеке ықыласын білдіріп, екі ел арасындағы қалыптасқан сенімді әрі сындарлы байланысқа жоғары баға берген.

Кездесуде Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері де талқыланды.

Previous Post

АҚШ КОНГРЕССМЕНДЕРІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КРЕАТИВТІ ИНДУСТРИЯ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Next Post

«ОҢАЙ АҚШАНЫҢ» ЗАРДАБЫ: ЖАСТАР ЕСІРТКІ ТАРАТҚАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com