Қазақстандық делегация құрамында спортшылардан бөлек 49 жаттықтырушы мен маман бар.
VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 29 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өтеді. Биылғы жарыс бағдарламасына 43 спорт түрі енгізілген. Жалпы 69 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан құрамасы ұлттық және дәстүрлі спорт түрлерінен ел намысын қорғап, жүлделі орындар үшін бақ сынайды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары — түркі халықтарының мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп, ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейде танытатын ірі жарыстардың бірі. Қазақстан құрамасы бұған дейінгі ойындарда да жоғары нәтижелер көрсетіп, жүлделі орындардан көрініп келеді.
Алдағы додада 155 қазақстандық спортшы өз спорт түрлері бойынша бақ сынап, ел қоржынына жаңа медальдар салуға талпынады.


