qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШҚО-ДА ПОЛИЦЕЙ МЕН ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕКІ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында полицей мен төтенше жағдайлар қызметкері телевизиялық мұнараға шығып кеткен екі баланы қауіпсіз жерге түсіріп, қайғылы оқиғаның алдын алды.

10 августа, 2026
in Uncategorized
0
ШҚО-ДА ПОЛИЦЕЙ МЕН ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ ЕКІ БАЛАНЫ ҚҰТҚАРДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Оқиға Тарбағатай ауданында болған. Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері қызмет барысында телевизиялық мұнараға шығып бара жатқан 5–6 жастағы екі баланы байқап қалған. Балалардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін түсінген мамандар дереу полицияға хабар берген.

Ақпарат түскеннен кейін оқиға орнына Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Диас Жұмаділов жедел жетті. Ол Тарбағатай аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Архат Ниғмашевпен бірге әрекет етіп, балаларды телевизиялық мұнарадан қауіпсіз түсірді.

Осылайша, қызметкерлердің шұғыл әрі үйлесімді әрекетінің арқасында балалардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің алдын алды.

Құтқарылған балалар кейін ата-аналарына тапсырылды. Полиция қызметкерлері ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмаудың маңызын түсіндірді. Сонымен қатар балаларды телевизиялық мұнаралар, құрылыс нысандары және басқа да қауіпті нысандардың маңына жібермеу қажеттігі ескертілді.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне барынша мұқият болуға шақырады. Кішкентай балаларды қараусыз қалдыру олардың өміріне күтпеген қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан баланың қайда жүргенін бақылау, қауіпті орындарға жақындауына жол бермеу және қауіпсіздік ережелерін ерте жастан түсіндіру – ата-ананың басты міндеттерінің бірі.

Бұл оқиға ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігі балалардың өмірін сақтауда шешуші рөл атқаратынын тағы бір мәрте көрсетті.

Previous Post

БAҚЫТ ЕСІМОВА ЖАҢА ЛАУАЗЫМҒА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Next Post

ІІМ WHATSAPP АККАУНТЫН АЛАЯҚТАРДАН ҚОРҒАУ ЖОЛДАРЫН АТАП ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com