qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АСТАНА МЕН АЛМАТЫ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗУШІСІЗ КӨЛІКТЕР ШЫҒАДЫ

Қазақстанда автопилоты бар көліктерді жалпы пайдаланымдағы жолдарда сынақтан өткізуге арналған жаңа ережелер бекітілді. Пилоттық жоба аясында автономды көліктер Астана, Алматы және Қосшы қалаларында сынақтан өтеді. Жоба үш жыл бойы жүзеге асырылады.

7 августа, 2026
in Uncategorized
0
АСТАНА МЕН АЛМАТЫ КӨШЕЛЕРІНЕ ЖҮРГІЗУШІСІЗ КӨЛІКТЕР ШЫҒАДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алғашқы кезеңде жүргізушісіз көліктер арнайы полигондарда сынақтан өткізіледі. Қажетті тексерістерден сәтті өткеннен кейін олар уәкілетті мемлекеттік органдармен алдын ала келісілген жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының нақты бағыттарына шығарылады. Осылайша автономды көліктер бірден қала көшелерінің кез келген бөлігіне емес, арнайы белгіленіп, келісілген маршруттар бойынша ғана қозғалады.

Жаңа талаптарға сәйкес, көліктің автоматтандыру деңгейіне қарай оны басқару тәртібі де белгіленеді. Шартты түрде автоматтандырылған көліктердің салонында кез келген уақытта басқаруды өз қолына алуға дайын жүргізуші болуы міндетті. Ал жоғары деңгейде автоматтандырылған көліктер жүргізушісіз қозғала алады. Мұндай жағдайда олардың жұмысын қашықтан оператор бақылайды.

Автономды көліктерге қауіпсіздік тұрғысынан да бірқатар міндетті талап қойылады. Олар деректерді тіркеу жүйелерімен, бейнебақылау құралдарымен, автоматтандырылған басқару жүйесін авариялық жағдайда ажырату тетіктерімен және «Автономды басқару» арнайы таңбасымен жабдықталуы тиіс. Сонымен қатар көліктің бағдарламалық қамтамасыз етуіне сырттан рұқсатсыз араласудан қорғайтын механизмдер қарастырылған.

Жаңа ережелер автономды көліктерді такси қызметін көрсету және тұрақты емес жолаушылар тасымалын жүзеге асыру кезінде пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда бұл роботакси қызметі жақын арада жаппай іске қосылады дегенді білдірмейді. Қазіргі уақытта пилоттық жобаға нақты қай компаниялардың қатысатыны, қанша көлік пайдаланылатыны, олардың жүретін бағыттары және жолаушыларды тасымалдау мерзімі туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, пилоттық жобаның негізгі мақсаты – автономды көлік технологияларын нақты жол жағдайында сынақтан өткізу, оларды пайдалану тәжірибесін қалыптастыру, қолданыстағы реттеу тетіктерінің тиімділігін бағалау және Қазақстандағы автономды көлік саласына қатысты заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Осылайша, Қазақстанда жүргізушісіз көліктерді нақты жол жағдайында сынақтан өткізуге құқықтық негіз қалыптасты. Ал автономды көліктердің қала көшелерінде тұрақты жүруі мен роботакси қызметінің толыққанды іске қосылуы пилоттық жобаның нәтижесіне байланысты болмақ.

Previous Post

АСТАНА-1 ВОКЗАЛЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

Next Post

АЛАЯҚТАР БАЛАЛАР АРҚЫЛЫ АТА-АНАНЫҢ АҚШАСЫНА КӨЗ ТІКТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com