qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

20-ДАН АСТАМ СТРИМЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ

Елімізде интернет пен әлеуметтік желілерде заңсыз контент таратқан 20-дан астам стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық қорғау органдары цифрлық кеңістікте құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастырып жатыр.

4 августа, 2026
in Uncategorized
0
20-ДАН АСТАМ СТРИМЕР ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жауапкершілікке тартылған азаматтар көп қаралым, лайк пен донат жинау мақсатында тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып, әдепсіз әрекеттер көрсеткен, қауіпті пранктер ұйымдастырып, өзге азаматтардың ар-намысына тиетін әрекеттерге барған. Мұндай контенттің кең аудиторияға, әсіресе кәмелетке толмаған балаларға қолжетімді болуы ерекше алаңдаушылық туғызады.

Шымкент қаласының 48 жастағы тұрғыны Ербол Дүйсенбаев TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін сот шешімімен 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Қасенова да тікелей эфир барысында қоғамдық тәртіпті бұзып, балағат сөздер айтқан. Бұған дейін дәл осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылған ол бұл жолы әкімшілік айыппұлмен жазаланды.

Ал Павлодар қаласының 26 жастағы тұрғыны Аслан Амантаев көлік жүргізіп келе жатып тікелей эфирге шығып, балағат сөздер айтып, қауіпсіздік белдігін тақпаған. Сот оны 20 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды.

Түркістан қаласының тұрғыны Баян Шанкеева да жауапкершілікке тартылды. Ол әлеуметтік желіде «bayan_kyz», «fatima.sh0000» және «fatima_s003» никнеймдерімен танымал. Тергеу материалдарына сәйкес, тікелей эфирлерде бейәдеп сөздер айтып, агрессивті мінез-құлық көрсеткені үшін оған әкімшілік айыппұл салынды.

Ішкі істер министрлігі интернет кеңістігіндегі заңсыз контенттің жолын кесу және қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын мәлімдеді. Ведомство заң талаптары офлайн ортада ғана емес, цифрлық кеңістікте де барша азамат үшін бірдей міндетті екенін еске салды.

Previous Post

ӨСКЕМЕНДЕ 91 ОРАМ ЕСІРТКІМЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ

Next Post

БЕЙНЕКАМЕРАЛАР ЗАҢСЫЗ ҚОҚЫС ОРЫНДАРЫН АНЫҚТАУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com