qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЖАСТАР – ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН КҮШ» АТТЫ ЖАЙДАРМАН БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазығұрт ауданында жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға және құқықтық санасын нығайтуға бағытталған «Жастар – әлемді өзгертетін күш» атты аудандық жайдарман ойыны өтті.

15 июля, 2026
in Uncategorized
0
ҚАЗЫҒҰРТТА «ЖАСТАР – ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕТІН КҮШ» АТТЫ ЖАЙДАРМАН БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Көңілді әзіл мен тәрбиелік мәнді ұштастырған шара «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылып, оған аудандық прокуратура, аудандық білім бөлімі және Жастар ресурстық орталығы ұйытқы болды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау, олардың сахнада еркін өнер көрсетуіне мүмкіндік жасау, тапқырлық пен шешендік қасиеттерін дамыту, сондай-ақ жастар арасындағы достық пен ұйымшылдықты арттыру. Сонымен бірге ұйымдастырушылар өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, қоғамдық өмірге белсенді араласуына және бос уақытын мазмұнды өткізуіне ерекше көңіл бөлді.

Жайдарман – тек әзіл жарысы ғана емес, жастардың ой-өрісін кеңейтіп, қоғамдағы түрлі мәселелерді сатира мен юмор арқылы жеткізе алатын ерекше өнер алаңы. Осы жолғы байқауда да қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін өзекті тақырыптарды көтеріп, көрермендерді күлдіре отырып ойландырды. Әзілдердің арасында достық, білім, тәртіп, жастар тәрбиесі және қоғамдағы түрлі жағдайлар жеңіл әрі әсерлі форматта сахналанды.

Сайысқа ауданның білім беру ұйымдарынан жасақталған тоғыз команда қатысып, бірнеше кезең бойынша өзара бақ сынады. Қатысушылар алдымен өз командаларын таныстырып, кейін қойылған сұрақтарға тапқыр жауап беріп, соңында «Бес жаңалық» бөлімінде ерекше әзілдері мен тың идеяларын ортаға салды. Әр команда өзіндік стиль қалыптастырып, актерлік шеберлігімен, сахна мәдениетімен және заманауи әзілдерімен ерекшеленуге тырысты.

Көрермендер залында ерекше көңіл күй орнап, әр қойылым қызу қолдауға ие болды. Жастардың еркін ойлауы, өзекті мәселелерді орынды әзілмен жеткізе білуі және командалық ауызбіршілігі байқаудың мазмұнын арттыра түсті. Қазылар алқасы әр команданың шығармашылық ізденісіне, сахналық мәдениетіне, әзіл сапасына және көрерменмен байланысына баса назар аударды.

Байқау қорытындысында бас жүлде Дарын мектеп-интернатының «Дарын жастары» командасына бұйырды. Екінші орынды Ащыбұлақ жалпы білім беретін мектебінің «Bulaq boys» командасы иеленсе, үшінші орын Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектептің «Алғыр жетілік» командасына берілді.

Сонымен қатар бірнеше арнайы марапат та табысталды. «Үздік ойыншы» номинациясына Қ.Сәтпаев мектеп-лицейінің «Шаңырақ» командасының мүшесі Бақтияр Нұрасыл лайық деп танылды. Ал «Үздік әзіл» аталымын №11 санаториялық мектеп-интернаты жеңіп алып, 100 мың теңгелік сертификатқа ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталып, олардың шығармашылық ізденістеріне жоғары баға берілді. Ұйымдастырушылар мұндай жобалар жастардың бойындағы талантты шыңдап қана қоймай, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, өз ойын еркін жеткізе білетін, ел дамуына үлес қоса алатын саналы азамат болып қалыптасуына оң ықпал ететінін атап өтті.

Шара соңында жайдарман ойынының жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс білдіріліп, жастарға арналған осындай тағылымды әрі мазмұнды жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатыны жеткізілді.

Previous Post

ҚАЗЫҒҰРТТА МЕМЛЕКЕТ АЛДЫНДАҒЫ БЕРЕШЕКТЕРДІ ӨНДІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

ҚАЗЫҒҰРТТА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫ АЯСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com