Жобаға қатысқан жастар қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты.
Еңбек маусымы барысында қатысушылар жауапкершілік, ұйымшылдық және өзара қолдау сияқты маңызды қасиеттерді бойына сіңіріп, ұжыммен жұмыс істеудің маңызын терең түсінді. Сонымен қатар олар жаңа достар тауып, бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып, еңбек арқылы тәжірибе жинақтады.
Жоба соңында жастар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушыларға шынайы алғыстарын білдірді. Олардың жылы лебізі мен оң пікірлері «Жасыл ел» жобасының жастар үшін қаншалықты маңызды екенін, оның тек уақытша жұмыспен қамту құралы ғана емес, тұлғалық дамуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және еңбек мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тиімді бастама екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Белсенділік танытып, ортақ іске үлес қосқан барлық жастарға ризашылығымызды білдіреміз. Еңбектері еленіп, жинаған тәжірибелері алдағы өмір жолында өз жемісін береді деп сенеміз. Алдағы уақытта да жастардың бастамаларына қолдау көрсетіліп, жаңа жобалар мен игі істер жалғасын таба бермек.
«Жасыл ел» – еңбекке баулитын, достықты нығайтатын және жастардың болашағына сенім ұялататын маңызды жоба болып қала береді.


