qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КЕНТАУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІ

Медицина қызметкерлері күніне орай Кентау қаласындағы Шәмші Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында денсаулық сақтау саласы өкілдеріне арналған салтанатты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

22 июня, 2026
in Uncategorized
0
КЕНТАУДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ АТАП ӨТІЛДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ақ халатты абзал жандардың ерен еңбегін ұлықтауға арналған жиынға қаладағы медицина ұйымдарының қызметкерлері, ардагер дәрігерлер, сала басшылары және құрметті қонақтар қатысты.
Мерекелік жиынға Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихаттың төрағасы Қаблан Елеусізов қатысып, медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Қала әкімі өз құттықтауында денсаулық сақтау саласының қоғам өміріндегі айрықша маңызына тоқталып, медицина қызметкерлерінің халық алдындағы адал еңбегіне жоғары баға берді.
«Денсаулық сақтау саласы – адам өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған ең жауапты әрі ең ізгі мамандықтардың бірі. Сіздер күн сайын халықтың саулығы үшін аянбай еңбек етіп, кәсіби біліктіліктеріңіз бен адамгершілік қасиеттеріңіздің арқасында талай жанға үміт пен өмір сыйлап келесіздер. Дәрігер мамандығы қашанда үлкен құрмет пен сенімге лайық», – деді Жандос Қалмырзаұлы.
Салтанатты рәсім барысында денсаулық сақтау саласының дамуына елеулі үлес қосып, қызметтік міндетін абыроймен атқарып жүрген бірқатар медицина қызметкерлері Кентау қаласы әкімінің Алғыс хатымен және «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар үздік мамандарға Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Кентау қалалық мәслихаты төрағасының Алғыс хаттары табыс етілді.
Марапаттау рәсімі медицина саласы қызметкерлерінің көп жылғы еңбегі мен кәсіби шеберлігіне көрсетілген құрметтің айқын көрінісіне айналды. Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосып жүрген дәрігерлер, орта буын медицина қызметкерлері және сала ардагерлерінің еңбегі ерекше аталып өтті.
Іс-шара барысында қалалық Ардагерлер үйінің өкілдері де сөз сөйлеп, ұзақ жылдар бойы халық денсаулығын сақтау жолында еңбек еткен ардагер дәрігерлерге құрмет көрсетіп, олардың медицина саласына қосқан өлшеусіз үлесін жоғары бағалады. Бұл – өмірін адам саулығына арнаған ардагерлерге деген ізеттілік пен сабақтастықтың белгісі болды.
Медицина қызметкерлері – күн сайын адам өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарап, күрделі жағдайда кәсіби шешім қабылдайтын, өз ісіне адал мамандар. Олардың еңбегі тек ауруды емдеумен ғана шектелмей, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға, аурулардың алдын алуға және қоғам денсаулығын нығайтуға бағытталған маңызды қызметпен ұштасады.
Салтанатты кеш мәдениет сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты. Әсем ән мен күйден, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған сахналық қойылымдардан құралған мерекелік бағдарлама ақ халатты абзал жандарға ерекше құрмет көрсетудің жарқын көрінісіне айналды.
Медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік іс-шара денсаулық сақтау саласы мамандарының қоғамдағы мәртебесін айқындап, олардың ел игілігі жолындағы адал еңбегіне көрсетілген шынайы құрметтің белгісі болды.

Previous Post

КЕНТАУДА АДАМ ӨМІРІНЕ АРАША ТҮСІП ЖҮРГЕН БІЛІКТІ ХИРУРГ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

Next Post

СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ СОЗАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com