qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНДА ПАТРОНАЖ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫНА ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Кентау қалалық емханасында ана мен бала денсаулығын қорғау бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында әмбебап прогрессивті патронаж моделі аясында жоспарлы мониторинг жүргізілді.

22 июня, 2026
in Uncategorized
0
КЕНТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНДА ПАТРОНАЖ ҚЫЗМЕТІНІҢ САПАСЫНА ЖОСПАРЛЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шараның негізгі мақсаты – үй жағдайында көрсетілетін патронаждық медициналық көмектің сапасын бағалау, мейірбикелердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру және халыққа ұсынылатын медициналық қызметтің тиімділігін арттыру.
Мониторингке Кентау қалалық емханасы бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары А. Өтегенова, Даму және ерте араласу орталығының меңгерушісі А. Азизова және әмбебап прогрессивті патронаж моделі бойынша аға мейірбике А. Смағұлова қатысты. Мамандар бекітілген учаскелер бойынша тұрғын үйлерді аралап, патронаж қызметін іс жүзінде бақылап, медициналық көмектің көрсетілу сапасына жан-жақты талдау жүргізді.
Үйге бару барысында мамандар нәрестелер мен жас балалардың жалпы денсаулық жағдайын бағалап, олардың өсуі мен дамуының жас ерекшелігіне сәйкестігіне назар аударды. Сонымен қатар баланың күтіміне қатысты санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуы, үй жағдайының қауіпсіздігі, дұрыс тамақтандыру қағидалары мен профилактикалық іс-шаралардың орындалу деңгейі зерделенді.
Мониторинг аясында ата-аналармен жеке кездесулер өткізіліп, бала күтімінің ерекшеліктері, емшек сүтімен қоректендірудің артықшылықтары, қосымша тағам енгізу тәртібі, вакцинацияның маңыздылығы, жұқпалы аурулардың алдын алу, сондай-ақ балалардың психоэмоционалдық және физикалық дамуына қатысты жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ата-аналардың көкейіндегі сұрақтарға нақты жауап беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды.
Бақылау барысында патронаж мейірбикелерінің кәсіби қызметіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, олардың үй жағдайында медициналық қызмет көрсету сапасы, пациенттермен сенімді қарым-қатынас орнату деңгейі, коммуникативтік дағдылары, клиникалық бағалау қабілеті, қауіп факторларын дер кезінде анықтау және профилактикалық кеңес беру машықтары кешенді түрде сараланды. Сонымен қатар медициналық құжаттамаларды жүргізу сапасы мен бекітілген стандарттардың сақталуы да назардан тыс қалған жоқ.
Мониторинг нәтижесінде патронаж қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар әдістемелік ұсыныстар берілді. Мамандар әрбір анықталған мәселе бойынша нақты ұсынымдарын айтып, қызмет көрсету сапасын арттыруға, ерте анықтау жұмыстарын күшейтуге және профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған міндеттер белгіледі.
Әмбебап прогрессивті патронаж моделі – ана мен бала денсаулығын сақтаудағы маңызды профилактикалық құралдардың бірі. Бұл жүйе жүктілік кезеңінен бастап нәрестенің алғашқы жылдарындағы денсаулық жағдайын тұрақты бақылауға, қауіп факторларын ерте кезеңде анықтауға және қажетті медициналық әрі әлеуметтік қолдауды уақытылы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Соның арқасында балалардың денсаулығын нығайтып, түрлі аурулардың алдын алуға қол жеткізіледі.
Медицина мамандарының айтуынша, үй жағдайында жүргізілетін патронаж қызметі ата-аналардың медициналық сауаттылығын арттыруға, балалардың дұрыс өсіп-жетілуіне қолайлы жағдай қалыптастыруға және ана мен бала денсаулығын нығайтуға зор ықпал етеді.

Previous Post

«ҚАНТСЫЗ ӨМІР – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ»: КЕНТАУДА ДЕНСАУЛЫҚҚА ҮНДЕГЕН ЧЕЛЛЕНДЖ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Next Post

WHATSAPP-ТАҒЫ ХАБАРЛАМАҒА СЕНІП, 3,5 МИЛЛИОН ТЕҢГЕСІНЕН АЙЫРЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com