АҚТАУ ӘУЕЖАЙЫНДА ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАМАҚ БОЛҒАН ШЕТЕЛДІК ҰСТАЛДЫ
Ақтау халықаралық әуежайында шетел азаматы есірткіні заңсыз алып өтпек болған сәтте қолға түсті. Ол тыйым салынған затты ағзасына жасырып тасымалдаған.
Тексеру кезінде күдіктінің денесінен 114 капсула табылып, олардың құрамынан опий анықталған. Есірткінің жалпы салмағы шамамен 1 келіні құрады.
Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары басталды. Құқық қорғау органдары есірткінің қайдан және қай бағытқа тасымалданғанын анықтап жатыр.


