qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы алқаптарына қауіп төндіретін үйірлі шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ШЕГІРТКЕГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮШЕЙТІЛДІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Биыл бұл бағыттағы шаралар күшейтіліп, зиянкестердің таралуын болдырмау мақсатында нақты жоспарлар бекітілген. Өңірде химиялық өңдеу, мониторинг және алдын алу жұмыстары қатар жүргізіліп, барлық аудан қамтылып отыр.

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс ауданындағы штабта болып, шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру барысын тексерді. Жауапты мамандардың есебі тыңдалып, әр сектордағы жағдай сараланды. Бұл тексерудің басты мақсаты – жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз ету және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау.

Арыс қаласында 2026 жылға арналған жоспарға сәйкес 91 100 гектар жерді зиянкестерге қарсы өңдеу көзделген. Дәріленетін аумақтар 17 секторға бөлініп, әрқайсысына жауапты мамандар бекітілген. Анықтаушылар үшін арнайы жатын орындар ұйымдастырылып, олардың үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасалған. Сонымен қатар, әр секторды сумен қамтамасыз ету үшін 52 су көзі белгіленіп, 17 су тасымалдайтын көлік қарастырылған. Жалпы химиялық өңдеу жұмыстарына 112 бүріккіш техника жұмылдырылмақ.

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының Түркістан облыстық филиалы ұсынған мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда бірқатар аудандарда шегіртке дернәсілдерінің белсенділігі байқалып отыр. Арыс қаласында 8 сектордан 19 ошақ анықталса, Сарыағаш ауданында 12 секторда дернәсілдер жер бетіне шыққан. Ал Келес ауданында барлық секторда зиянкестердің белсенділігі тіркелген.

Ордабасы ауданында да зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда 47 мың гектар жер зерттеліп, оның ішінде 26,3 мың гектар аумақты химиялық өңдеу жоспарланған. Аудан аумағы 3 секторға бөлініп, жауапты мамандар бекітілген. Жер иелеріне алдын ала ескерту жұмыстары жүргізіліп, анықтаушылардың нақты тізімі жасақталған. Ошақты аймақтар тұрақты бақылауға алынған.

Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді, жайылым жер иелері мен тұрғындарды алдын ала хабардар етуді тапсырды. Сонымен қатар, химиялық препараттарды қолдану кезінде техникалық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді. Анықтаушылардың қауіпсіздігі де басты назарда екені айтылды. Препараттардың қолдану мөлшері мен тиімділігі тұрақты бақылауда болады.

Жалпы өңірде мобильді топтар арқылы күнделікті мониторинг жүргізіліп, әр сектордағы жағдай жіті қадағаланып отыр. Техника мен жұмыс күші тұрақты түрде түгенделіп, атқарылған жұмыстардың нәтижесі штабқа уақытылы баяндалуда. Бұл шаралар шегіртке қаупін азайтып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтауға бағытталған.

Previous Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТТЕН 12 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Next Post

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ҚОЛДАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com