qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕЙТОЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ӨТТІ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында қазақ халқының даңқты перзенті, әлемге әйгілі балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойы кең ауқымда аталып өтті.

8 апреля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ҚАЖЫМҰҚАН МҰҢАЙТПАСҰЛЫНЫҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫ МЕРЕЙТОЙЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мерекелік шара аудан орталығы Темірлан елді мекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мәдени-спорт кешенінде ұйымдастырылып, «Қажымұқан – даланың дара батыры» атты салтанатты іс-шара аясында тағылымды басқосу өткізілді.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері, еліміздің әр өңірінен келген Қажымұқан бабамыздың ұрпақтары және қала тұрғындары қатысты. Аудан әкімі Азат Оралбаев өз сөзінде даңқты балуанның тек қазақ халқы үшін емес, күллі түркі әлемі үшін мақтаныш екенін атап өтті. Сонымен қатар мәслихат депутаты Бақдәулет Жұмабеков, Қажымұқанның немересі Нұрлан Қажымұқан және спорт саласының ардагері Қуат Байқожаев баба рухына тағзым етті.

Салтанатты шара бағдарламасына мәдениет үйі өнерпаздарының концерттері мен театрландырылған қойылымдар енді. Сондай-ақ, Қажымұқан рухына арналған ерекше күш көрсетілімдері – тас сындыру, темір майыстыру сияқты рекордтық шоулар көрерменге ұсынылды. Аталған шара мерейтой аясында жасөспірімдер арасында қазақ күресінен облыстық ашық турнирді де қамтыды.

Турнир барысында боз кілемге шыққан жас балуандар өзара мықтыларды анықтап, тартысты белдесулер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Ауқымды спорттық іс-шараға аудан тұрғындары, спорт жанашырлары және ардагерлер қатысып, ұлттық спорттың мәртебесін асқақтатты.

Қажымұқан Мұңайтпасұлының мерейтойы – қазақ спорт дәстүрін дәріптеуге, жас буынды ұлттық спортқа баулу мен олардың бойына батырлық рухты сіңіруге бағытталған маңызды мәдени-спорттық шара ретінде есте қалды.

Previous Post

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНДАРЫ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ

Next Post

БАҒА БЕЙ-БЕРЕКЕТ ӨСІП БАРАДЫ: ҮКІМЕТ НАРЫҚТЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛМАҚ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com