2025 жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша Абай облысының Қытаймен тауар айналымы 1,2 млрд АҚШ долларын құрап, жалпы сыртқы сауданың 85 пайызынан асты. Бұл көрсеткіш облыстың сыртқы экономикалық байланыстарын дамытудағы стратегиялық маңыздылығын айқын көрсетеді. Мамыр айында облыстық делегация Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінің Алтай қаласында өткен “Үлкен Алтай” субөңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысып, 1,5 млрд долларлық 15 меморандумға қол қойған.
Абай облысы мен Қытай арасындағы ең ірі жобалардың бірі – “Бақты – Аягөз” теміржол желісінің құрылысы болып отыр. Бұл теміржол Қазақстан мен Қытай арасындағы көлік-логистикалық ынтымақтастықты күшейтіп қана қоймай, бүкіл өңірдің транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бейжіңде өткен келіссөздерде жобаның іске асырылу барысы бойынша нақты міндеттемелер қабылданды.
Тарбағатай округі партия комитетінің хатшысы Чжи Сяньвэй теміржол желісін салуды жандандыру, Аягөздегі кеден бекетін жетілдіру, Алакөлде туризмді дамыту және екі өңір арасындағы сауда-саттықты жолға қою бойынша ұсыныстарын жеткізді. Делегация құрамында отызға жуық ірі компания өкілдері бар, олар Абай облысына инвестиция құюға дайын екендіктерін мәлімдеді.
Тачен қаласының мэрі делегация атынан Абай облысына іссапармен баруға шақырып, екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілетінін атап өтті. Осылайша, Абай облысы мен Қытай арасындағы сауда және инфрақұрылымдық жобалар өңірдің экономикалық дамуына жаңа серпін беріп отыр.


