qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Kaspi жаңа «Kaspi Жұмыс» қызметін іске қосты

18 марта, 2025
in Жаңалықтар, Экономика
0
Kaspi жаңа «Kaspi Жұмыс» қызметін іске қосты
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Kaspi Жұмыс» – бұл Kaspi.kz қосымшасындағы жұмыс іздеу мен қызметкерлерді іріктеуге арналған ыңғайлы әрі тегін жаңа сервис. Оның көмегімен жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер бір-бірін оңай әрі тез табады.

 

«Бізде 700 мыңнан астам серіктес бар. Бұл негізінен белсенді дамып, жаңа жұмыс орындарын ашып жатқан шағын және орта бизнес компаниялары. Біздің серіктестеріміз қызметкерлерді жиі іздейді, ал клиенттер жұмыс іздеп жатады. Сондықтан біз кадрларды іріктеу және жұмыс іздеу үшін ыңғайлы заманауи цифрлық сервис жасауды шештік. Біздің сервисіміздің көмегімен жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер бір-бірін оңай табады, қызықты вакансиялар мен түйіндемелерге тезірек жауап қата алады, өзара әрекет ету тарихын сақтап, көптеген күнделікті процестерді жеңілдете алады. Әр сүйікті клиенттімізге және серіктесімізге бізбен бірге болғаны үшін рақмет айтамыз!», – Kaspi.kz басшысы және негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе.

 

Егер жұмыс іздеп жүрсеңіз, онда тура «Kaspi Жұмыс» сервисінде түйіндеме жасай аласыз, ол үшін тіпті қажетті сөздер жазылған дайын үлгі де бар. Әртүрлі вакансияға жауап қату үшін қалағаныңызша бірнеше түйіндеме жасауға болады. Түйіндеме жасағаныңыздан кейін сервис лайықты вакансияларды ұсынады. Осы ұсыныстарды пайдалануға немесе критерийлеріңізге сай келетін жұмысты өзіңіз іздесеңіз болады.

«Kaspi Жұмыс» сервисі туралы толығырақ ақпаратты Kaspi Гидтен оқи аласыз.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмір сапасын жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялық қызметтердің негізінде – 15 миллионға жуық қазақстандық қолданып, электронды коммерция, төлемдер мен қаржылық қызметтердің алдыңғы қатарлы сервистерін біріктіретін елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz тұр.

Kaspi.kz суперқосымшасының көмегімен қазақстандықтар тегін жеткізу қызметімен онлайн тиімді сауда жасап, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаражатын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турларды рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнесті дамыту үшін Kaspi Pay суперқосымшасын жасады. Оны қазір 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолдануда. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық коммерция және жеткізу платформаларына қосылып, өз тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазып шығарды, олар бірнеше жылдан бері магистратура студенттерінің оқу бағдарламасына енген.

Previous Post

Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Next Post

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ӨҢІРЛІК НЫШАН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com