Ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңге, ең төменгі зейнетақы 62 771 теңге, ал ең төменгі базалық зейнетақы 32 360 теңге болды. Ең төменгі жалақы өзгеріссіз 85 000 теңге, ал айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге деп белгіленді. Айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік төлемдерді есептеуде негізгі құрал болып табылады. Мысалы, бала туғанда берілетін жөргекпұл көлемі 38 АЕК-тен, яғни 149 416 теңгеге дейін өсті.
Бала күтіміне арналған жәрдемақылар да артты. Бірінші бала үшін төлем 5,76 АЕК (22 648 теңге), екінші балаға – 6,81 АЕК (26 777 теңге), үшінші балаға – 7,85 АЕК (30 867 теңге), төртінші балаға – 8,90 АЕК (34 335 теңге). Егер төртінші бала туғанда төлем 63 АЕК-ке дейін, яғни 247 716 теңгеге жетеді. Егіз немесе үшем туған жағдайда әр балаға төлем бөлек есептеледі.
Көпбалалы аналардың жәрдемақылары 2025 жылы шамамен 4 мың теңгеге артты. Мысалы, 4 балаға – 16,03 АЕК (63 030 теңге), 5 балаға – 20,04 АЕК (78 798 теңге), 6 балаға – 24,05 АЕК (94 565 теңге), 7 балаға – 28,06 АЕК (110 332 теңге). Әр қосымша бала үшін төлемге 4 АЕК (15 728 теңге) қосылады. Марапатталған көпбалалы аналардың жәрдемақылары да өсті: “Алтын алқа”, “Батыр ана”, I және II дәрежелі “Ана даңқы” – 7,40 АЕК (29 097 теңге), “Күміс алқа” – 6,40 АЕК (25 165 теңге).
Мүгедектігі бар азаматтарға төленетін жәрдемақылар ең төменгі күнкөріс деңгейі бойынша есептеледі және 4,5–6 мың теңгеге артты. 7 жасқа дейінгі мүгедек балаларға – 74 428 теңге; 7–18 жас және одан үлкендерге I топ – 101 702 теңге, II топ – 84 598 теңге, III топ – 74 428 теңге. Бала кезінен мүгедектігі бар адамдарға да осындай көлемде төленеді. Сонымен қатар, мүгедек баланы тәрбиелейтін ата-ана немесе I топтағы мүгедегі бар адамға күтім жасайтындарға мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған, оның көлемі 74 428 теңге.


