qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА 2,2 МИЛЛИОННАН АСТАМ АЗАМАТ ҚАТЫСТЫ

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау жалғасып жатыр. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша елдегі сайлаушылардың 17,96 пайызы дауыс берген.

23 августа, 2026
in Uncategorized
0
ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНА 2,2 МИЛЛИОННАН АСТАМ АЗАМАТ ҚАТЫСТЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Нақтырақ айтқанда, таңғы сағат 10:00-ге дейін 2 264 411 азамат сайлау бюллетенін алған. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96 пайызына тең.

Өңірлер арасындағы ең жоғары белсенділік Қызылорда облысында тіркелді. Мұнда сайлаушылардың 22,91 пайызы дауыс берген. Одан кейін Қарағанды облысы – 21,06 пайыз, Жетісу облысы – 20,87 пайыз көрсеткішпен тұр.

Ақтөбе облысында сайлаушылардың 20,28 пайызы дауыс берсе, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында бұл көрсеткіш 20,39 пайызды құрады.

Ал ең төменгі белсенділік Алматы қаласында тіркелді – 9,96 пайыз. Павлодар облысында 15,98 пайыз, Маңғыстау облысында 16,92 пайыз және Астана қаласында 17,01 пайыз сайлаушы дауыс берген.

Қалған өңірлердегі көрсеткіштер де әртүрлі. Абай облысында – 17,35 пайыз, Ақмола облысында – 18,91 пайыз, Алматы облысында – 17,19 пайыз, Атырау облысында – 18,75 пайыз, Батыс Қазақстан облысында – 17,97 пайыз, Жамбыл облысында – 18,25 пайыз дауыс берілді.

Қостанай облысында сайлаушылардың 17,92 пайызы, Солтүстік Қазақстан облысында 17,52 пайызы, Ұлытау облысында 19,41 пайызы, Шығыс Қазақстан облысында 19,93 пайызы дауыс берді.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауы бүгін, 23 тамызда өтіп жатыр. Бұл – жаңа заң шығарушы институттың алғашқы сайлауы. Сайлау нәтижесінде партиялық тізім бойынша бес жыл мерзімге 145 Құрылтай депутаты сайланады.

Дауыс беру ел аумағындағы сайлау учаскелерімен қатар, шетелдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жанындағы учаскелерде де ұйымдастырылған.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі мәліметті сағат 12:00-де жариялайтынын хабарлады.

Previous Post

ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА БЕКТЕНОВ, ӘШІМБАЕВ ЖӘНЕ ҚАРИН ДАУЫС БЕРДІ

Next Post

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢ ҚАРТ ТҰРҒЫНЫ ҚҰРЫЛТАЙ САЙЛАУЫНДА ДАУЫС БЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com