qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

МАҢҒЫСТАУДА ТУРИЗМГЕ БӨЛІНГЕН 117 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРҒАН КӘСІПКЕР 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

Маңғыстау облысында туризм саласын дамытуға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламасы аясында бюджеттен бөлінген 117,2 миллион теңгені заңсыз алған кәсіпкерге қатысты сот үкімі шықты. Ол аса ірі мөлшердегі алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген.

20 августа, 2026
in Uncategorized
0
МАҢҒЫСТАУДА ТУРИЗМГЕ БӨЛІНГЕН 117 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРҒАН КӘСІПКЕР 5 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс материалдарына сәйкес, жеке кәсіпкер «А» өкілі Маңғыстау облысындағы демалыс базасының құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу мақсатында мемлекеттен субсидия алған.

Алайда тергеу барысында мемлекеттік қолдау қаражатын алу үшін ұсынылған құжаттарда бұрмалаушылықтар болғаны анықталған. Кәсіпкер орындалған құрылыс жұмыстарының көлемін негізсіз ұлғайтып көрсететін жалған жобалық-сметалық құжаттарды пайдаланған.

Сонымен қатар демалыс базасының нысаны мемлекеттік қолдау шаралары енгізілгенге дейін салынып қойғаны белгілі болған. Яғни кәсіпкер субсидия алу кезінде бұрын орындалған жұмыстарды кейін жасалған жұмыс ретінде көрсеткен.

Тергеу барысында құжаттарда көрсетілген құрылыс жұмыстарының бір бөлігінің іс жүзінде мүлде орындалмағаны да анықталған. Осылайша, мемлекеттен жалпы сомасы 117,2 миллион теңге көлемінде бюджет қаражаты заңсыз алынған.

Бұдан бөлек, кәсіпкер жымқырылған ақшаны заңдастыру мақсатында оны банк депозитіне орналастырған. Соның нәтижесінде ол 5,6 миллион теңге көлемінде қосымша кіріс алған.

Істі қараған Ақтау қалалық соты жеке кәсіпкер «А» өкілін аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырғаны үшін кінәлі деп таныды.

Сот үкімімен оған бес жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы бөлінетін бюджет қаражатын мақсатсыз немесе заңсыз алу заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Previous Post

ФОНОГРАММАМЕН ӘН АЙТҚАН ӨНЕРПАЗДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

Next Post

ҒАЛЫМ ҚАЛИАҚБАРОВТЫҢ АЛМАТЫДАҒЫ КОНЦЕРТІ ДЕ ТОҚТАТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com