qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТРАМП ИНФАНТИНОНЫ СЫННАН ҚОРҒАП ШЫҚТЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп әлем чемпионатынан кейін сынға қалған Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиноны ашық қолдады.

12 августа, 2026
in Uncategorized
0
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Трамп өзінің Truth Social парақшасында FIFA басшылығына Инфантиноны қызметтен ауыстыру туралы ойдың өзі «үлкен қателік» болатынын жазды.

«Ол керемет адам әрі тарихтағы ең табысты әлем чемпионатын өткізді», – деді АҚШ президенті.

Трамптың айтуынша, Инфантино қызметінен кетсе, алдағы уақытта дәл осындай табысты әрі қаржылай тиімді әлем чемпионатын өткізу қиын болады. Осылайша Ақ үй басшысы FIFA президентіне қатысты сынның күшеюіне қарамастан, оның жұмысын жоғары бағалайтынын білдірді.

Джанни Инфантино соңғы уақытта FIFA-ның болашағына қатысты бірқатар даулы бастамалары үшін сынға ұшыраған. Кейбір футбол федерациялары мен спорт өкілдері оның отставкаға кетуін талап еткен.

Инфантиноның бастамаларының бірі – FIFA турнирлеріне қатысты коммерциялық құқықтарды жеке инвесторларға беру арқылы ұйымның кірісін арттыру жоспары болды. Бұл ұсыныс миллиардтаған доллар көлемінде табыс әкелуі мүмкін деген болжам айтылған. Алайда бастама футбол қауымдастығында бірқатар қарсылыққа тап болды.

Наразылық күшейгеннен кейін FIFA басшысы халықаралық турнирлерге қатысты құқықтарды сату жоспарын тоқтатуға мәжбүр болған.

Бұған қоса, әлем чемпионаты кезінде болған тағы бір жағдай да қоғам назарын аударды. Трамп Инфантиноға телефон соққаннан кейін FIFA америкалық футболшыға қатысты дисквалификация шешімін алып тастағаны хабарланған. Бұл жағдай да ұйым басшысына қатысты сынның күшеюіне себеп болды.

Трамп пен Инфантиноның қарым-қатынасы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. FIFA басшысы 2026 жылғы әлем чемпионатын АҚШ, Канада және Мексикада өткізу туралы шешімнің жүзеге асуына белсенді қатысқан.

Инфантино АҚШ президентінің инаугурациясына да қатысқан. Ал 2025 жылдың соңында ол Трампқа FIFA жаңадан тағайындаған Бейбітшілік сыйлығын табыстаған.

Осы жағдайлардың барлығы екі саясаткер мен спорт басшысының арасындағы тығыз байланысты көрсетеді. Ал Трамптың соңғы мәлімдемесі Инфантиноға қатысты сынға қарамастан, АҚШ президентінің FIFA басшысын қолдайтынын тағы бір мәрте аңғартты.

Previous Post

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 2027 ЖЫЛДАН БАСТАП ЖАПОНИЯДА ТЕГІН ОҚИ АЛАДЫ

Next Post

НҰРАЙ СЕРІКБАЙДЫ ӨЛТІРГЕН ШЕРХАН АЙМАХАН ӨМІР БОЙЫНА СОТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com