qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

СУ ҚҰБЫРЫ НЫСАНЫНАН 7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕЛІК ГЕНЕРАТОР ҰРЛАНДЫ

Ақмола облысында су құбыры инфрақұрылымының жұмысына қажетті дизель-генератор қондырғысы мен оның бөлшектерін ұрлаған күдіктілер анықталды. Келтірілген шығын көлемі шамамен 7 миллион теңгені құрайды.

12 августа, 2026
in Uncategorized
0
СУ ҚҰБЫРЫ НЫСАНЫНАН 7 МИЛЛИОН ТЕҢГЕЛІК ГЕНЕРАТОР ҰРЛАНДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тергеу материалдарына сәйкес, оқиға 2026 жылдың сәуір айында болған. Алдын ала сөз байласқан күдіктілер су құбыры инфрақұрылымы нысанының аумағына заңсыз кіріп, ондағы дизель-генератор қондырғысын бөлшектеген. Кейін олар арнайы көлік пен өзге де құралдарды пайдаланып, жабдықты нысан аумағынан алып кеткен.

Ұрланған қондырғы елді мекеннің су құбыры инфрақұрылымының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан жабдықтың қолды болуы нысанның қалыпты қызметіне кері әсер еткен.

Алайда күдіктілер мұнымен тоқтамаған. Тергеу барысында олардың бірі мамыр айында сыбайласына сол кәсіпорынның аумағына қайта барып, тағы да ұрлық жасауды ұсынғаны анықталды.

6 мамырда күдіктілер дизель қондырғысына тиесілі қосалқы бөлшектерді ұрлаған. Олардың жалпы құны 400 мың теңгеден асады.

Полиция жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер анықталды. Сонымен қатар ұрланған жабдықтар мен бөлшектер табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция күдіктілердің әрекетіне құқықтық баға беріп, олардың қылмысқа қатысы бар-жоғын және істің барлық мән-жайын анықтауда.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, тергеу нәтижесінде келтірілген залалдың көлемі мен қылмыстық әрекетке қатысы бар тұлғалардың нақты құрамы анықталатын болады.

Previous Post

«ОТБАСЫ БАНКІНДЕГІ» БЫЛЫҚ БҰРЫН ҮЙ АЛҒАНДАРҒА ДА ҚАУІП ТӨНДІРЕ МЕ

Next Post

КӨКШЕТАУ ЖӘНЕ БӨЛЕКТАУ ТАУЛАРЫНА БАРУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com