Бүгінгі сот отырысында прокурор Мадияр Әбілқасымов жарыссөз барысында сотталушы Шерхан Аймаханға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Мемлекеттік айыптаушы сотталушыға қатысты жаза тағайындау туралы ұстанымын білдірді. Енді сот тараптардың жарыссөзіндегі уәждерді тыңдап, іс материалдарын зерделейді.
Қылмыстық іс бойынша соңғы шешімді сот шығарады.


