Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтының сарапшысы сотта айтты.
Маманның сөзінше, сотталушыға жүргізілген сараптама барысында созылмалы психикалық бұзылыс анықталмаған. Сондай-ақ сараптама кезінде оның қоғамға қауіп төндіретін психикалық жағдайы болмағаны айтылды.
Сарапшының қорытындысына сәйкес, Аймахан Шерхан жасаған әрекетінің мәнін түсініп, өз іс-әрекетін басқара алған.
Сот барысында сарапшының қорытындысы тараптардың сұрақтарына байланысты талқыланды. Іс бойынша сот отырыстары жалғасып жатыр.
Сотталушының кінәсі мен қылмыстық жауапкершілік мәселесіне қатысты түпкілікті шешімді сот іс бойынша барлық дәлелді жан-жақты зерттегеннен кейін шығарады.


