qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ЕГИПЕТКЕ КІРУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ

Египет шетелдік туристерге арналған келу визасын цифрлық форматта рәсімдеудің жаңа жүйесін кезең-кезеңімен енгізе бастады. 2026 жылғы 1 тамыздан бастап келу визасын алуға құқығы бар азаматтар визалық алымды алдын ала онлайн төлеп, шекаралық бақылаудан өткен кезде көрсетуге арналған QR-код ала алады.

5 августа, 2026
in Uncategorized
0
ЕГИПЕТКЕ КІРУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта жаңа жүйе тек Каир халықаралық әуежайында пилоттық режимде жұмыс істейді. Сонымен қатар дәстүрлі қағаз виза рәсімдеу тәртібі де сақталған.

QR-кодты Visa on Arrival ресми порталы немесе App Store, Google Play және AppGallery платформаларындағы мобильді қосымша арқылы рәсімдеуге болады. Сондай-ақ Каир әуежайына келген жолаушыларға өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы да өтінім беру мүмкіндігі қарастырылған.

Өтінім беру кезінде азаматтығы мен келетін әуежай көрсетіледі. Қазір жүйеде тек Каир халықаралық әуежайы қолжетімді. Кейін пайдаланушының электрондық поштасына QR-код жіберіледі. Оны қағазға шығару міндетті емес, смартфоннан көрсету жеткілікті.

Египеттің Туризм және көне мұралар министрі Шериф Фатхидің айтуынша, жаңа жүйе елге кіру рәсімін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Пилоттық кезең аяқталғаннан кейін қызметті басқа әуежайлар мен шекаралық өткізу бекеттеріне де кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Цифрлық келу визасын рәсімдеу құны – 36 АҚШ доллары. Оның ішінде 30 доллары – визалық алым, ал 6 доллары – QR-кодты рәсімдеуге арналған сервистік төлем. Төлем тек банк картасы арқылы қабылданады. Бір төлеммен бірнеше адамның визасын рәсімдеуге болады, бірақ әр жолаушыға жеке QR-код беріледі.

QR-код берілген күннен бастап жеті күн бойы жарамды және бір рет қана пайдаланылады. Сондықтан туристерге оны сапарға шамамен бір апта қалғанда рәсімдеу ұсынылады. Төлем жасалғаннан кейін өтінімдегі мәліметтерді өзгерту мүмкін емес, ал барлық төлемдер қайтарылмайды.

Айта кету керек, бұл жүйе толыққанды электрондық виза болып саналмайды. Ол тек визалық алымды алдын ала төлеуге және QR-код алуға мүмкіндік береді. Елге кіруге рұқсат беру туралы түпкілікті шешімді шекара қызметінің қызметкері құжаттар мен QR-кодты тексергеннен кейін қабылдайды. Сондай-ақ саяхатшылар келу визасын алуға құқығы бар-жоғын алдын ала өздері тексеруі қажет.

Пилоттық кезеңде QR-код арқылы рәсімдеу міндетті емес. Қағаз виза бұрынғыдай қолданылады. Әзірге жаңа қызмет тек Каир халықаралық әуежайына келетін жолаушылар үшін іске қосылған. Ал Хургада, Шарм-эш-Шейх, Марса-Алам, Луксор және Александрия әуежайларында бұл жүйе әлі енгізілген жоқ.

Қазақстан мен Египет арасында визалық режим сақталған. Сондықтан Қазақстан азаматтары елге сапарлау үшін қолданыстағы талаптарға сәйкес виза рәсімдеуі тиіс.

Египет қазақстандық туристер үшін, әсіресе Қызыл теңіз жағалауындағы курорттарға тікелей рейстердің арқасында күзгі-қысқы маусымдағы ең танымал демалыс бағыттарының бірі болып қала береді.

Previous Post

ШАЙДОРОВ 2030 ЖЫЛҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫНЫН РАСТАДЫ

Next Post

ТАНЫМАЛ КИНОРЕЖИССЕР АРДАҚ ӘМІРҚҰЛОВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com