Спортшы әлеуметтік желідегі оқырмандарымен өткен сұхбат барысында келесі Олимпиадаға дайындық туралы қойылған сұраққа нақты жауап берді.
«Иә, әрине. Мен бар күш-жігерімді салып жаттығамын және осы мақсатқа толықтай ден қоямын», – деді Михаил Шайдоров.
Осылайша, қазақстандық спортшы алдағы төртжылдықтың басты додасына қатысуды көздеп, дайындықты жалғастыратынын растады.


