qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«3 АЙ ҚЫЗ-ЖІГІТ БОЛДЫҚ ДЕДІ» НҰРАЙ ІСІНДЕ ТЕРГЕУШІ КУӘЛІК БЕРДІ

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот отырысында марқұмды алып қашу дерегі бойынша сол кезде жауап алған тергеуші куәлік берді.

4 августа, 2026
in Uncategorized
0
«3 АЙ ҚЫЗ-ЖІГІТ БОЛДЫҚ ДЕДІ» НҰРАЙ ІСІНДЕ ТЕРГЕУШІ КУӘЛІК БЕРДІ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қаратау аудандық полиция бөлімінің бұрынғы тергеушісі Әбілғазы Артықбайдың айтуынша, ол 2025 жылғы 5 қазанда кезекшілікте болған. Сол күні кешкі уақытта қыз алып қашу дерегі бойынша хабарлама түскен.

Тергеуші оқиға орнына барған кезде үйде адам көп болғанын, тойға ұқсас жағдай қалыптасқанын айтты. Оның сөзінше, Нұрай отырған бөлмеге кіріп, жанындағы адамдарды сыртқа шығарған.

«Сұрау барысында Нұрай Шерханмен үш ай бойы қыз-жігіт болып сөйлескенін айтты. Алматыдан өз еркімен келгенін жеткізді», – деді Әбілғазы Артықбай сотта.

Алайда Нұрайдың ағалары оның Шерханмен қарым-қатынаста болмағанын бірнеше рет айтқанын мәлімдеген.

Тергеушінің сөзінше, кейін Нұрай мен Шерхан Қаратау аудандық полиция бөліміне жеткізілген. Бірақ қыз тарапынан арыз-шағым болмағандықтан, оларды босатқан.

Келесі күні прокуратурадан қоңырау түсіп, адам ұрлау дерегі бойынша қайта тексеру жүргізу қажеттігі айтылған. Осыдан кейін екі тарап қайта шақырылған.

Тергеуші Нұрайды әкесімен бірге прокурорға кіргізгенін, кейін қызбен жеке сөйлескенін айтты. Оның айтуынша, Нұрай алдыңғы сөзін ағаларының айтуымен айтқанын жеткізген.

«Сол себепті қылмыстық құрам жоқ деп істі қысқарттық», – деді ол.

Сотта адвокаттар тергеушіден сол кездегі әрекеттері мен қабылданған шешімдері туралы сұрақ қойды. Тергеуші өз әрекетін заңды деп есептейтінін айтты.

Сонымен қатар ол Нұрайдың полиция бөлімінде болған уақыты шамамен бір сағатқа жуық болғанын, одан кейін жауаптары видеоға түсірілгенін жеткізді.

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Айыптау тарапының мәліметінше, Шерхан Аймаханға адам өлтіру және өзге де баптар бойынша айып тағылған. Тергеу барысында оның бұған дейін Нұрайды аңдып, мазасын алғаны және алып қашу дерегі болғаны айтылған.

Previous Post

33 ЖЫЛ ЖЫЛҚЫ БАҚҚАН ҚАРИЯҒА ПӘТЕР СЫЙЛАНДЫ

Next Post

РАҚЫМШЫЛЫҚПЕН 1344 АДАМ БОСАТЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com