Табиғи апат салдарынан 4,5 мыңнан астам ғимарат бүлініп, шамамен 50 мың тұрғын үй мен кәсіпорын ауызсусыз қалған.
Қазіргі уақытта өңірдегі эвакуациялық орталықтарға 10 мыңға жуық адам орналастырылып, зардап шеккен тұрғындарға қажетті көмек көрсетілуде.
Жапония үкіметі зілзаланың салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстарына 20 миллиард иен бөлуді жоспарлап отыр.


