өтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, азамат 20 шілде күні Ертіс өзені үстіндегі көпірден суға секірген.
Құтқарушылар марқұмның мәйітін оқиға орнынан 21 шақырым қашықтықта орналасқан Ертіс өзенінің Прапорщиково ауылы маңындағы тармағынан тапқан.
Іздестіру жұмыстары күн сайын жүргізілген. Оған ұшқышсыз ұшу аппараттары, жүзу құралдары және арнайы құтқару техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар өзен жағалауы толық тексеріліп, сүңгуірлер су астына 26 рет түсіп, іздеу жұмыстарын жүргізген.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


