qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Түркістан қаласы соңғы жылдары еліміздің рухани және мәдени орталықтарының біріне айналып келеді.

15 июля, 2026
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА  «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» ФЕСТИВАЛІ  ӨТТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

. Түркі әлемінің рухани астанасы атанған киелі шаһарда ұлттық өнер мен мәдениетті насихаттауға бағытталған ауқымды іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осындай тағылымы мол жобалардың бірі – өңірлердің мәдени әлеуетін танытуға арналған «Өнерлі өлке» фестивалі.
Аталған фестиваль аясында Түркістан қаласындағы «Керуен сарай» кешенінде Сайрам ауданының мәдени күні ұйымдастырылып, ауданның бай тарихы, мәдениеті мен өнері кеңінен насихатталды. Мазмұнды әрі әсерлі өткен іс-шараға қала тұрғындары мен қонақтары, өнер сүйер қауым және жастар белсенді қатысты.
Фестивальдің басты мақсаты – өңірлердің мәдени ерекшеліктерін таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және халық шығармашылығын кеңінен насихаттау. Осы ретте Сайрам ауданының мәдени күні ауданның рухани байлығы мен шығармашылық әлеуетін көрсететін маңызды алаңға айналды.
Іс-шара барысында келушілерге ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлік сағаттары ұсынылды. Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қолөнер дәстүрін жалғастырып келе жатқан шеберлер өз туындыларын көпшілік назарына ұсынып, олардың жасалу жолдары мен ерекшеліктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Келушілер зергерлік бұйымдар, ұлттық нақыштағы сәндік заттар, ағаш және тері өңдеу өнерінің үлгілерімен танысып, қолөнер шеберлерінің жұмыс барысын тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Сонымен қатар, фестиваль аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сайрам ауданының шаруалары өндірген табиғи әрі сапалы өнімдер тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынылды. Жәрмеңке барысында ауданның аграрлық әлеуеті мен ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктері де кеңінен таныстырылды.
Мәдени күн аясында Сайрам ауданының тарихы мен мәдени мұрасын, әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жетістіктерін насихаттайтын арнайы көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрмеде ауданның тарихи орындары, туристік мүмкіндіктері, мәдени нысандары мен соңғы жылдары жүзеге асырылған жобалар туралы ақпараттар қамтылды. Бұл өз кезегінде келушілердің аудан туралы танымын кеңейтіп, өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.
Фестивальдің кешкі бағдарламасы да ерекше мазмұнға ие болды. Сайрам ауданының өнерпаздары қатысқан гала-концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Концерттік бағдарлама барысында ұлттық әндер шырқалып, би қойылымдары мен сахналық композициялар ұсынылды. Аудан өнерпаздарының кәсіби шеберлігі мен шығармашылық деңгейі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Әсіресе, ұлттық өнер мен заманауи шығармашылықтың үйлесім тапқан концерттік қойылымдар көпшіліктің жоғары бағасына ие болды. Өнерпаздардың сахнадағы шынайы шеберлігі мен орындаушылық мәдениеті Сайрам ауданының мәдени әлеуетінің жоғары екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
«Өнерлі өлке» фестивалі өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайтып, ұлттық өнерді кеңінен дәріптеуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Мұндай жобалар жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, рухани мұраны сақтауға және оны болашақ ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.
Сайрам ауданында өнерпаздарының шығармашылық жетістіктерін кеңінен танытып қана қоймай, ұлттық мәдениеттің өміршеңдігін, қазақ өнерінің бай мұрасын және рухани құндылықтардың маңызын тағы бір мәрте айқын көрсетті.

Previous Post

СТУДЕНТТЕРМЕН ПСИХОЛОГТАР ЖҰМЫС ЖАСАДЫ

Next Post

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАҢА КІТАПХАНА АШЫЛДЫ: РУХАНИ ОРДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com