qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САЙРАМ АУДАНЫНДА БОКСТАН ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Сайрам ауданы спорт саласында қарқынды дамып келе жатқан өңірлердің бірі.

15 июля, 2026
in Uncategorized
0
САЙРАМ АУДАНЫНДА БОКСТАН ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІ
0
SHARES
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауданда түрлі саладағы спортты дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және кәсіби спортшыларды тәрбиелеу бағытында кездесулер ұйымдастырылып жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп отырады. Соңғы кездері ауданда спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Соның ішінде жаңа спорт нысандары салынып, пайдалануға беріліп, жас спортшылардың сапалы жаттығуына қолайлы жағдай жасалуда.
Сайрам ауданында спорттық ойындар жиі өтіп тұрады. Солардың бірі Жібек жолы ауылында ұйымдастырылды. Онда 2013–2014 жылы туған жасөспірімдер былғары қолғап киіп, бокстан күш сынасуға жиналған. Айта кетерлігі бұл жай сайыс емес, республикалық турнир.
Жас спортшылардың басын қосқан айтулы дода ауданның спорт саласындағы маңызды оқиғаларының біріне айналды. «Ақсу жекпе-жек спорт клубы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған жарысқа еліміздің әр өңірінен 150-ге жуық жас спортшы қатысқан. Турнир 16 салмақ дәрежесі бойынша өткізіліп, қатысушылар жеңіу үшін барын салып жатты. Үш күнге жоспарланған жарыс барысында жас былғары қолғап шеберлері рингте бақтарын сынап, тәжірибе алмасты.
Мемлекет басшысы спортты дамыту, жастардың денсаулығын нығайту және бұқаралық спортпен айналысушылар санын арттыру жөнінде нақты міндеттер жүктеп келеді. Президент сөзін жүзеге асыруға билік өкілдері ғана емес, ұарапайым халық та ат салысады. Мысалы жастардың болашағына алаңдаушылық танытқан ата-аналар, кез-келген мүмкіндікті қолдан шығарып алмауға тырысады. Қазіргі дамыған заманда балаларын спортқа немесе басұа да салаларға баулиды. Рас көп ата –ана алдымен балам өзін қорғап үйренсін дегенді алға тартады. Кейін сол балалардың арасынан спортқа деген қызығушылығы артып, кәсіби сопртқа бет бұрып жатқандар жиі кездеседі.
Президент бастамалары аясында еліміздің барлық өңірлерінде, оның ішінде Сайрам ауданында да спорт саласын қолдау бағытындағы жұмыстар қарқынды дамып келеді. Соның нәтижесінде аудан жастары республикалық және халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп, өңір мерейін үстем етіп, облыс пен аудан атын танытып жүр.
Жібек жолы ауылында ұйымдастырылған турнир — спортта өзіндік ізін қалдырған Құдайбергенов Нұрсұлтан Жұмабайұлының жарқын есімін ұлықтау, оған қоса ұмытылып бара жатқан тұлғалардың жастардың жадында сақталып қалуы үшін жасалған ізгі амалдардың бірі. Нұрсұлтан Жұмабайұлы өз уақытында облыстық және республикалық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, бокстың дамуына үлес қосқан спортшылардың бірі болған. Сол себепті ұйымдастырушылар турнирді дәл осы кісінің атымен атауды жөн көріпті. Ал, жарыстың негізгі мақсаты – жас спортшылар арасында боксты дамыту, олардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.
Турнирдің ашылу салтанатында спорт ардагерлері мен сала мамандары сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеген еді. Олар мұндай жарыстардың жас спортшылар үшін тәжірибе жинақтаудағы маңыздылығына тоқталып, ел болашағы саналатын жастардың спорт арқылы шыңдалуы қоғам үшін үлкен мәнге ие екенін атап өтті. Сонымен қатар бокс – Сайрам ауданында кеңінен дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі екенін атап өтті. Ауданда көптеген жасөспірімдер спорт мектептері мен клубтарда тұрақты жаттығып, түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Бұл жетістіктер жаттықтырушылардың қажырлы еңбегі мен спортшылардың табанды дайындығының нәтижесі екені анық.
Сайрам ауданында ұлттық және олимпиадалық спорт түрлерін дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады. Аудан әкімдігі де тұрақты түрде спорттық жарыстарды өткізуге қолдау білдіріп отырады. Бұл өз кезегінде талантты спортшыларды анықтауға және олардың үлкен спортқа жол ашуына мүмкіндік береді.
Бас –аяғы үш күнге созылған турнир қорытындысында әр салмақ дәрежесі бойынша үздік шыққан спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кезекті жарыс жоғары деңгейде өтіпкен. Жас спортшылардың кәсіби тұрғыда өсуіне де оң әсерін тигізген.
Республикалық деңгейдегі жарыстардың Сайрам ауданында өткізілуі өңірдің спорттық әлеуетінің артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ауданның спорт саласындағы жетістіктерін кеңінен насихаттап қана қоймай, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға, қайсар азамат болып қалыптасуына да өз үлесін қосады. Спорт – денсаулық кепілі ғана емес, тәртіп пен табандылықтың мектебі. Сондықтан мұндай жарыстардың тәрбиелік мәні де ерекше болып қала бермек.

Previous Post

САЙРАМДЫҚТАР КІТАП ОҚУДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Next Post

АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ МАЛЫН ҰРЛАҒАН ТОП ҰСТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com