qubylys.kz
Маңызды жаңалықтарды
бізге WhatsApp арқылы жіберсеңіз болады:
+7 (705) 777- 77- 77
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Заң
  • Экономика
  • Білім
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Жаңа Қазақстан
  • Әлемде
No Result
View All Result
qubylys.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

САЙРАМДЫҚТАР КІТАП ОҚУДАН САЙЫСҚА ТҮСТІ

Ақпараттық технологиялардың қарыштап дамуы жастардың өмір салтына айтарлықтай өзгеріс әкелді. Оның пайдасы мен қоса зияны да күн өткен сайын көзге айқын көрініп бастады.

15 июля, 2026
in Uncategorized
0
КІТАПХАНАШЫЛАРҒА  АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Соның салдары ретінде қолына кітап алып оқитындардың қатары сиреп бара жатқанын айтуға болады. Осындай кезеңде кітап оқуды насихаттап, жастарды рухани құндылықтарға баулу маңыздылығы арта түскендей көрінеді. Осындайда жастардың болшағына бірінші болып Түркістан облысы Сайрам ауданының мамандары көңіл аударды. Олар түрлі іс- шаралар ұймдастыру арқылы аудан мен ауыл тұрғындарын кітапқа баулудың жолдарын іздестіріп келеді.
Қазір жастар арасында қолына кітап алып оқитындар сирегені жасырын емес. Есесіне кітаптың орнын телефондағы түрлі қосымшалар басты. Смартфон жайлаған заманда жас пен кәріні кітапханаға баулу мақсатында Сайрамдықтар «Үздіктер күні» атты мерекелік іс-шараны ұйымдастырып, онда кітап құмар жандардың басы қосты.
Іс-шара соңы мерекелік бағдарламаға айналып, бағдарламаның қызықты өтуіне орталық кітапхана қызметкерлері мен мектеп кітапханашылары және тұрақты оқырмандар атсалысты. Оған қоса, іс-шара барысында «Кітаппен нұрлы жолымыз, оқуға құштар болыңыз» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылып, апта бойы атқарылған жұмыстарды қамтыған бейнеролик көпшілік назарына ұсынылды. Бұл өз кезегінде кітаптың қоғамдағы маңызын айқындап, оқырман мәдениетін қалыптастырудағы рөлін көрсетті.
Сондай-ақ, іс-шара барысында аудан басшылары кітапхана саласында ұзақ жылдар еңбек еткен Үрзада Қарқынованы құттықтау хатымен марапаттап, жылы лебізін білдірген. Кітапхананың белсенді оқырмандары да бос қайтпады. Оларар «Алтын формуляр», «Үздік оқырман», «Үздік оқырман отбасы», «Үздік жетекші» сынды номинациялар бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Мұндай номинациялар кітап оқырмандарын жігерлендіре түсетіні анық.
Осы тұста әлем бойынша кітапқа баулудың түрлі тәсілдері болғанын байқауға болады. Мысалы, америкалық Рон Хорнбакер 2001 жылы буккроссингті ойлап тапты. Ол саябақтарға үйшіктер жасап, онда кітаптар қалдырып отырған. Негізгі мақсаты – кітап сүйер қауыммен кітап алмасу еді. Яғни сіз өз үйіңізде бар тапты буккроссингке апарып, орнына оқымаған кітабыңызды алып кетесіз. Бұл тәсіл біздің елге 2011 жылы жетіп, оқырмандар қызықты тәжірибе ретінде бағалаған болатын. Буккросинг үйшіктері “28 Панфиловшылар” паркіне ортанылған еді.
Жалпы өзге мемлекеттерде кітапқа баулу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып отырады. Арнайы бағдарламалар да ішінара жаңартылып тұрады. Біздің назарымыз қызықты тәжірибені мектеп оқушыларының бойына сіңірген жапондықтардың тәсіліне түсті. Жапон мектептерінде күнделікті 10-15 минут уақыт кітап оқуға беріледі екен. Ойланып қарасаңыз- бала онсыз да мектеп қабырғасына сабақ оқуға барады. Бірақ, арасында қатып қалған бағдарламадан еркіндікке яғни 15 мунутқа бет бұру да балаға сергектік сыйлайтындай. Азия мемлекеттерінің ішінде Кореялықтар қолға оқулық ұстағанды онша ұнатпайды. Сондықтан онда бәрі цифрлық форматқа ауыстырылған. Бірақ, Қазақстан әлі елу де елуді ұстанып келеді. Әлі толығымен электронды кітапқа өте қойған жоқпыз. Анда-санда болса да қолына кітап ұстаған жастарды көзіміздің шалатыны да рас. Десе де алдағы он жылдықта көршілес жатқан мемлекеттерді кітап оқу жағынан басып озармыз деп үміттенеміз.
Бүгінде дәстүрлі кітаппен қатар электронды кітаптар мен аудиокітаптарға да сұраныс артқанын жиі байқаймыз. Бұл өз кезегінде оқырман қауымының әлі де кітапқа деген қызығушылығы барын көрсетеді. Енді осы қызығушылықты сақтап қалудың маңыздылығы жоғары.
Кітап – адамзаттың ең құнды қазынасының бірі. Уақыт өзгергеді, технология бұрынғыдан дами түседі. Десе де кітап құндылығы жоғалмайды. Сондықтан жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мұндай шаралардың маңызы зор. Кітап оқитын адамның сөздік қоры бай, ойлау қабілеті басқаларға қарағанда ширақ болады. Сондай-ақ түрлі жағдайларды жан — жақты ойлап, сыни көзқараспен қарап, оқиғаны саралап, сұрыптап шешім шығаруда қиналмайды. Сондықтан өскелең ұрпақты кітап оқу мәдениетін қалыптастырға шақыруды бүгіннен бастаған абзал. Ал, бұл жолда Түркістан облысының Сайрам ауданы алда келеді.

Previous Post

САЙРАМ АУДАНЫНДА ЕРКІН КҮРЕСТІ МЕҢГЕРГЕН ЖАСТАР ЖЫЛ САНАП АРТЫП КЕЛЕДІ

Next Post

САЙРАМ АУДАНЫНДА БОКСТАН ҚАРҚЫНДЫ ТҮРДЕ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Facebook Twitter Instagram Youtube

        qubylys.kz ақпарат агенттігі


161200, Түркістан қаласы, Тауке хан 22
info@qubylys.kz
Құпиялық келісім
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде qubylys.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді



        Барлық құқықтары қорғалған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 20.01.2025 ж. тіркелген. Тіркеу туралы куәлік № Электронды почта:

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

on7news.kz ақпарат агенттігі

WP2Social Auto Publish Powered By : XYZScripts.com